Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима в селах Каратал, Бекет Каратальского сельского округа и в селе Маканчи, на участке Биебау Маканчинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима в селах Каратал, Бекет Каратальского сельского округа и в селе Маканчи, на участке Биебау Маканчинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауылдық округінің Қаратал, Бекет ауылдарына және Мақаншы ауылдық округінің Мақаншы ауылына, Биебау учаскесіне карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 285
- Қабылданған күні
- 05.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2012 AI66553_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VR002582
- ЭКБ идентификаторы
- 66553
- Редакция идентификаторы
- AI66553_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:51
0 Қаратал ауылдық округінің Қаратал, Бекет ауылдарына және Мақаншы ауылдық
округінің Мақаншы ауылына, Биебау учаскесіне карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекция бастығының 2012 жылдың 04 шілдедегі № 666 ұсынысының негізінде Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қаратал ауылдық округінің Қаратал, Бекет ауылдарында және Мақаншы ауылдық округінің Мақаншы ауылында, Биебау учаскесінде ірі қара малдар арасынан аусыл ауруы пайда болуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринарлық режим белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы М. Ішкібаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
4
4. Қаратал ауылдық округінің әкімі Б. Қасеновке және Мақаншы ауылдық округінің әкімі С. Қалиевке шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
6 6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
ҚР ауыл шаруашылық министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Үржар аудандық аумақтық
инспекциясы бастығы С. Садвакасов
05 шілде 2012 жыл
Үржар ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы М. Ішкібаев
05 шілде 2012 жыл