Об оказании дополнительной социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 12.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2013 AI66561_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KM000123
- ЭКБ идентификаторы
- 66561
- Редакция идентификаторы
- AI66561_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:03
0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек).
2 2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға айына бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
Әлеуметтік көмекті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруін есепке ала төленсін.
3 3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
1
1) мүгедек балаларға Әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және ата-анасы оларға қатысты ата-аналық құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының кірісіне тәуелсіз үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне беріледі;
2 2) Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы облыстық психологиялық-медикалық-педагогикалық кеңесінің қорытындысы мен белгіленген мерзім біткенге дейін көрсетіледі;
3 3) Әлеуметтік көмек төленуі ай сайын қаржыландыруға байланысты жүргізіледі.
Әлеуметтік көмекті тоқтататын жағдай бола қалса (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.