Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в законы Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан" и "О торговом мореплавании"

Заң · № 35-V · қабылданған 10.07.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66567/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в законы Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан" и "О торговом мореплавании" Қолданыста Заң ·№ 35-V ·10.07.2012
10.07.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в законы Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан" и "О торговом мореплавании"

Қолданыста Заң ·№ 35-V · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в законы Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан" и "О торговом мореплавании"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
35-V
Қабылданған күні
10.07.2012
Көрсетілген редакция
10.07.2012 AI66567_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1200000035
ЭКБ идентификаторы
66567
Редакция идентификаторы
AI66567_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:50

0 "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат):
3-бапта:
бірінші бөліктегі «халықаралық мәртебесі бар теңіз порттары,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.».

2

2. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж,, № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж. № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):

1 1) 4-бапта:

2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акциямен төлеуге беру қағидаларын бекіту;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар (теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзірлеу;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын әзірлеу;
2-2) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзірлеу;»;

2 2) 32-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.».

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы