Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Бурабайском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Бурабайском районе
- Атауы (қаз.)
- Бурабай ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/328
- Қабылданған күні
- 19.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2014 66588_190641.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BS000233
- ЭКБ идентификаторы
- 66588
- Редакция идентификаторы
- 66588_190641
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:59
0 Бурабай ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бурабай ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын әрбір мүгедек балаға 6 айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Күшін жоғалтқан деп танылсын:
1
1) «Щучье ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/32 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-19-123 нөмірмен тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы 9 нөмірінде, аудандық «Бурабай» газетінің 2008 жылғы 28 ақпандағы 11 нөмірінде жарияланған).
2
2) «Щучье ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/32 «Щучье ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № а-11/478 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-19-213 нөмірмен тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы 6 нөмірінде, аудандық «Бурабай» газетінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы 55 нөмірінде жарияланған).