Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 967/20
- Қабылданған күні
- 29.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2013 AI66593_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PA000188
- ЭКБ идентификаторы
- 66593
- Редакция идентификаторы
- AI66593_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:53
0 Әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
1 1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2 2) 50 жастан асқан әйелдер;
3 3) 55 жастан асқан ерлер;
4 4) толық 25 жасқа дейінгі жастар;
5 5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
6 6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
7 7) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) тұлғалар;
8 8) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
2 2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар анықталсын:
1 1) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
2 2) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғалардан (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік–кеңестік комиссияның анықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі бір жылға дейін белгіленсін.
3 3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
4
4. Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2011 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" № 892/14 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-171 тіркелген, 2011 жылғы 27 мамырда № 13 "Шаһар", 2011 жылғы 30 мамырда № 21 "Версия" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.