Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исчисления стажа работы спасателей профессиональных аварийно-спасательных служб и формирований для выплаты процентных надбавок за выслугу лет

Қаулы · № 1185 · қабылданған 02.08.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6660/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил исчисления стажа работы спасателей профессиональных аварийно-спасательных служб и формирований для выплаты процентных надбавок за выслугу лет Күшін жойған Қаулы ·№ 1185 ·02.08.2000
05.08.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исчисления стажа работы спасателей профессиональных аварийно-спасательных служб и формирований для выплаты процентных надбавок за выслугу лет

Күшін жойған Қаулы ·№ 1185 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исчисления стажа работы спасателей профессиональных аварийно-спасательных служб и формирований для выплаты процентных надбавок за выслугу лет
Атауы (қаз.)
Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1185
Қабылданған күні
02.08.2000
Көрсетілген редакция
05.08.2014 AI6660_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001185_
ЭКБ идентификаторы
6660
Редакция идентификаторы
AI6660_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:20

0 Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 896 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

3 Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже)

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 3 тамыздағы
N 1185
қаулысымен
бекiтiлген
Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесi
(бұдан әрi - Ереже)
"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес осы Ереже Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақыларына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының (бұдан әрi - құтқарушы) жұмыс стажын есептеу тәртiбiн айқындайды.

1 1. Құтқарушыларының қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақы алуға құқық беретiн жұмыс стажы

1 1. Құтқарушының қызмет өткерген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы алуға құқық беретiн жұмыс стажына кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларындағы жұмыс iстеген уақыты енгiзiледi.

2 2. Құтқарушының қызмет өткерген жылдары үшiн пайыздық, үстемеақы алуға құқық беретiн жұмыс стажына, сондай-ақ:

әскерилендiрілген тау-кен-құтқару бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң құрамында iстеген жұмысы;
әскерилендiрiлген фонтанға қарсы құрамалар мен ұйымдар құрамында iстеген жұмысы;
әскерилендiрiлген газдан құтқару қызметтерi, құрамаларының құрамында iстеген жұмысы;
мемлекеттiк (әскерилендiрiлген), кәсiби және салалық өртке қарсы қызмет құрамында iстеген жұмысы;
жедел-құтқару құрамаларының құрамында, соның iшiнде республикалық, облыстық, ведомстволық бақылау және суда құтқару қызметтерi мен бөлiмшелерiнiң құрамында iстеген жұмысы;
бiрыңғай авиациялық iздеу-құтқару қызметтерi мен бөлiмшелерi құрамында iстеген жұмысы;
Апаттар медицинасы орталығында iстеген жұмысы;
басқа да төтенше жағдайлар саласындағы мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер құрамында iстеген жұмысы кiредi.
Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақыға пайыздық үстемеақыны есептеу үшiн жұмыс стажына, сондай-ақ:
Қарулы Күштер және басқа да әскери құрамалар қатарындағы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмшелерiндегi қызмет уақыты;
кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жолдамалары бойынша жұмыстан қол үзiп кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқыған уақыты есептеледi.

2 2. Құтқарушының қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн жұмыс стажын есептеу тәртiбi

3 3. Жұмыс стажы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызмет өткерген жылдарына есептелетiн уақыт, күнтiзбелiк есептеуде ескерiледi.

4 4. Күнтiзбелiк ай iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақы мөлшерiн арттыру құқығы туындаған адамдарға, ай үшiн үстемеақының жалпы сомасы, айдың кезеңдерi бойынша тиесiлi мөлшерде есептелген үстемеақыларды қосу арқылы айқындалады.

5 5. Қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақы алуға құқық беретiн жұмыс стажына енгiзу үшiн, құтқарушы, еңбек заңнамасына сәйкес оның еңбек қызметiн растайтын тиiстi құжаттарды тапсырады.

Қолданыстағы