Құжат мәтініне өту

О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр анализа и информации" Комитета информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан

Қаулы · № 925 · қабылданған 09.07.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66603/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр анализа и информации" Комитета информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 925 ·09.07.2012
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр анализа и информации" Комитета информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 925 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр анализа и информации" Комитета информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
925
Қабылданған күні
09.07.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI66603_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000925
ЭКБ идентификаторы
66603
Редакция идентификаторы
AI66603_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:50

0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып анықталсын.

3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:

1 1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы сақтауға бағытталған іс-шараларды техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу;

2 2) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;

3 3) отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған үдерістерді талдамалық қолдау;

4 4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық–талдамалық жұмыс жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызмет болып табылады.

4 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

2 2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3 3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 925 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

3 3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:
«8-1. «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».

Қолданыстағы