Об оказании ежемесячной материальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании ежемесячной материальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Ай сайынғы материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1152
- Қабылданған күні
- 03.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2013 66617_155058.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12TA000167
- ЭКБ идентификаторы
- 66617
- Редакция идентификаторы
- 66617_155058
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:52
0 Ай сайынғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына және Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 316 "2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне сәйкес қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Келесі санаттағы азаматтарға 3 158 (үш мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек көрсетілсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2 2) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге;