Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи

Қаулы · № 227 · қабылданған 19.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66618/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 227 ·19.06.2012
21.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 227 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
227
Қабылданған күні
19.06.2012
Көрсетілген редакция
21.02.2013 66618_160492.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TH000230
ЭКБ идентификаторы
66618
Редакция идентификаторы
66618_160492
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:59

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 мамырдағы № 40-V "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі санаттағы азаматтарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) жалғыз басты мүгедектерге;

2 2) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын тұл жетім студенттеріне;

3 3) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдерге;

4 4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

5 5) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге;

6 6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;

7

7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға;

8 8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;

9 9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардың күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын студенттерге;

10 10) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан 1 жасқа дейінгі жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғаларға;

11 11) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғаларға.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы