Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Күшін жойған
Қаулы
·№ 208
·
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 208
- Қабылданған күні
- 02.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2016 66630_57062.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NM000155
- ЭКБ идентификаторы
- 66630
- Редакция идентификаторы
- 66630_57062
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:53
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Б. Уәлиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________________ А. Ерменова