Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Право Усть Калжыр Курчумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Право Усть Калжыр Курчумского района
- Атауы (қаз.)
- Күршім ауданының Оң жақ Қалжыр ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2548
- Қабылданған күні
- 18.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2013 AI66645_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VN002597
- ЭКБ идентификаторы
- 66645
- Редакция идентификаторы
- AI66645_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:59
0 Күршім ауданының Оң жақ Қалжыр ауылына шектеу іс-шараларын енгізе
отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 364 ұсынысын қарап, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Күршім ауданының Оң жақ Қалжыр ауылындағы ұсақ малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитариялық эпидемиялық қадағалау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Күршім ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы (М. Садуақасова) және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық қадағалау және бақылау Комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Ә. Шапатов) тұрғындар арасында сарып ауруының алдын алу бойынша жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы іс-шаралары орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3
3. Қалжыр ауылдық округінің әкіміне (Е. Көшкіншінов) шектеу белгіленген аумақтан ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
5 5. Қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық қадағалау және бақылау
Комитетінің Күршім аудандық
аумақтық инспекциясының бастығы Ә. Шапатов
2012 жылғы 16 маусым
Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау Министрлігі
мемлекеттік санитариялық
эпидемиялық қадағалау Комитеті
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаментінің Күршім ауданы бойынша
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
басқармасының бастығы М. Садуақасова
2012 жылғы 16 маусым