Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация и выдача разрешений иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан"

Бұйрық · № 352 · қабылданған 14.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66650/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация и выдача разрешений иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 352 ·14.06.2012
11.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация и выдача разрешений иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 352 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация и выдача разрешений иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
352
Қабылданған күні
14.06.2012
Көрсетілген редакция
11.03.2014 AI66650_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007775
ЭКБ идентификаторы
66650
Редакция идентификаторы
AI66650_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:01

0 "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
___________ Н. Әбіқаев
2011 жылғы «24» маусым

0 «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 352 бұйрығымен
бекітілген
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-бабына, сондай-ақ «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру жөніндегі мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тұтынушы – мемлекеттік қызметке жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

2 2) құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.

3

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы 9-бабының;

2 2) Стандарттың;

3

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерiнiң төлем жасау қабілеттігін растау ережесінің негізінде көрсетіледі.

6 6. Азаматтарды тіркеу кітабында, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерінде мөртабан қою не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрақты тұратын жері бойынша көші-қон полициясының бөліністері көрсетеді.

8 8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен және сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz және тізбесі осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясының бөліністерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған және өтінішті қабылдағаны туралы талон алған сәттен бастап күнтізбелік 60 күн;

2 2) көшіп-қону квотасына сәйкес Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге өтінішті қабылдағаны туралы талон алған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн;

3 3) тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3 3) тіркеуді жүзеге асыру кезінде алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

12 12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда иммигранттарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беруден бас тартылады не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-қимыл жасасудың) сипаттамасы

13 13. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уақыт бойынша көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талон беріледі, онда:
нөмірі мен құжаттарды қабылдаған күні;
сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің түрі;
құжаттарды берген күні, уақыты мен орны;
құжатты қабылдаған көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

14 14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар қойылмайды.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай ҚФБ жұмылдырылады:

1 1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер басқармасы (бөлімі) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру;

2 2) облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру;

3 3) ІІД бастығы, ІІД бастығының орынбасары – рұқсат беру туралы қорытындыны бекіту;

4 4) ІІД-нің Мекенжай-анықтамалық бюросы – есепке қою;

5 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша департаменті – шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсаттар беру туралы материалдарды келісу.

16 16. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды тіркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты
тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы
Негізігі процесс.
1-нұсқа. «Тұрақты тұруға» санатындағы визамен Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу. 1-кесте.
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ-ның ата­уы
КҚПК
КҚПК
КҚПК
КҚПК
КҚПК
МАБ
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
Жур­нал­да тір­кеу
Ме­кен­жай ке­лу па­ра­ғы мен ке­лу па­ра­ғы­на ста­ти­сти­ка­лық есеп­ке алу па­ра­ғын МАБ-ға жол­дау
Есеп­тік кар­точ­ка­ны 3 да­на­да тол­ты­ру
Ал­фа­вит­тік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға есеп­тік кар­точ­ка ен­гі­зу
Ме­кен­жай ке­лу па­ра­ғын ал­фа­вит­тік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға ен­гі­зу
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Құ­жат­тар сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Аза­мат­тар­ды тір­кеу кі­та­бын­да, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­де мөр­та­бан қою
Іле­с­пе хат
Іле­с­пе хат
Тұ­рақ­ты тұ­ра­тын адам ре­т­ін­де есеп­ке қою
МАБ-қа тір­кеу есе­біне қою
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
10 ми­нут
2 күн
2 күн
3 күн
3 күн
2-нұсқа. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініштерді қарау.
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ-ның ата­уы
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
КҚПК
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АК
КҚПК
ІІД бас­шы­лы­ғы
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жол­дау
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, сұ­рау са­лу­лар­ды ҰҚКД және ҚСжА-ЕАБ-ға жол­дау
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу және ал­ға­ны ту­ра­лы та­лон бе­ру не бол­ма­са мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру
Іле­с­пе хат
Сұ­рау са­лу­ды жол­дау
КҚПК-ға жа­у­ап
КҚПК-ға жа­у­ап
Дәлел­ді қо­ры­тын­ды
Қо­ры­тын­ды­ны бе­кі­ту
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
3 күн
3 күн
30 күн
15 күн
7 күн
10 күн
кестенің жалғасы:
8
9
10
11
12
13
14
КҚПК
КҚПК
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
КҚПК
МАБ
Есеп­тік кар­точ­ка­ны 3 да­на тол­ты­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды­ны есеп­тік кар­точ­ка­ның үшін­ші да­на­сы­мен ҚА­І­ІО-ға жол­дау
Шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­ны дай­ын­дау. Те­ріс ше­шім қа­был­дан­ған жағ­дай­да өті­ніш ие­сіне дәлел­ді бас тар­ту­ды жол­дау
Аза­мат­тар­ды тір­кеу кі­та­бын­да, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­де мөр­та­бан қою
Ме­кен-жай ке­лу па­ра­ғы мен ке­лу па­ра­ғы­на ста­ти­сти­ка­лық есеп­ке алу па­ра­ғын МАБ-ға жол­дау
Ал­фа­вит­тік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға есеп­тік кар­точ­ка ен­гі­зу
Ме­кен­жай ке­лу па­ра­ғын ал­фа­вит­тік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға ен­гі­зу
Іле­с­пе хат
Іле­с­пе хат
Өті­ніш ие­сіне ха­бар­лан­ды­ру
Тір­кеу ту­ра­лы мөр­та­бан
Іле­с­пе хат
Тұ­рақ­ты тұ­ра­тын адам ре­т­ін­де есеп­ке қою
МАБ-қа тір­кеу есе­біне қою
2 күн
2 күн
3 күн
10 ми­нут
2 күн
3 күн
3 күн
Пайдалану нұсқалары.
1-нұсқа. «Тұрақты тұруға» санатындағы визамен Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу
3-кесте. Негізгі процесс – «Тұрақты тұруға» санатындағы визамен Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу.
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
КҚПК
КМП
АСБ
Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
Есеп­тік кар­точ­ка­ны ал­фа­вит­тік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға ен­гі­зу
Ме­кен­жай ке­лу па­ра­ғын ал­фа­вит­тік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға ен­гі­зу
Аза­мат­тар­ды тір­кеу кі­та­бын­да, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­де мөр­та­бан қою
Тұ­рақ­ты тұ­ра­тын адам ре­т­ін­де есеп­ке қою
МАБ-қа тір­кеу есе­біне қою
Ме­кен­жай ке­лу па­ра­ғы мен ке­лу па­ра­ғы­на ста­ти­сти­ка­лық есеп­ке алу па­ра­ғын МАБ-қа жол­дау
Ме­кен­жай па­ра­ғын есеп­ке қою үшін ен­гі­зу
Есеп­ке қой­ы­л­ға­ны ту­ра­лы КҚПК-ға ха­бар­лан­ды­ру
Есеп­тік кар­точ­ка­ны 3 да­на­да тол­ты­ру
Тұ­рақ­ты тұ­ра­тын адам ре­т­ін­де есеп­ке қою
Тұр­ғы­лық­ты же­рі өзгер­ген жағ­дай­да өзге­рі­стер ен­гі­зу
4-кесте. Негізгі процесс – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы оң шешім қабылдау
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҚА­І­ІО
КҚПК
ІІД бас­шы­лы­ғы
Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, сұ­рау са­лу­лар­ды ҰҚКД және ҚСжА­Е­АБ-ға жол­дау
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жол­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға қал­ды­ру ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны бе­кі­ту
Өті­ніш ие­сіне шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лан­ды­ру
Есеп­тік кар­точ­ка­ны 3 да­на тол­ты­ру
Аза­мат­тар­ды тір­кеу кі­та­бын­да, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­де мөр­та­бан қою
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды­ны есеп­тік кар­точ­ка­ның үшін­ші да­на­сы­мен ҚА­І­ІО-ға жол­дау
Ме­кен­жай ке­лу па­ра­ғы мен ке­лу па­ра­ғы­на ста­ти­сти­ка­лық есеп­ке алу па­ра­ғын МАБ-қа жол­дау
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АК
КҚПК
МАБ
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Есеп­тік ка­точ­ка­ны ал­фа­вит­тік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға ен­гі­зу
Ме­кен­жай ке­лу па­ра­ғын ал­фа­вит­тік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға ен­гі­зу
5-кесте. Балама процесс - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы теріс шешім қабылдау.
ҚА­І­ІО
КҚПК
ІІД бас­шы­лы­ғы
Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, сұ­рау са­лу­лар­ды ҰҚКД және ҚСжА­Е­АБ-ға жол­дау
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жол­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­дан бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны бе­кі­ту
Өті­ніш ие­сіне дәлел­ді жа­з­ба­ша бас тар­ту­ды жол­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­дан бас тар­ту ту­ра­лы те­ріс қо­ры­тын­ды­ның кө­шір­ме­сін жол­дау
Ба­ла­ма про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АК
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Қосымшада келесі аббревиатуралар қолданады:
- КҚПБ - Көші қон полициясы басқармасы;
- КҚПК - Көші қон полициясы комитеті;
- МАБ - Мекенжай-анықтамалық бюросы;
- ҚАІІО – қалалық (аудандық) ішкі істер органдары;
- ҰҚКД - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті;
- ҚСжАЕАК - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

2 Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сызбалар

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды тіркеу және оларға
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сызбалар
Шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарды тіркеу және оларға тұрақты тұруға рұқсаттар беру

Қолданыстағы