Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Созакского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Созакского района
- Атауы (қаз.)
- Созақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44
- Қабылданған күні
- 27.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2013 AI66670_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UL000144
- ЭКБ идентификаторы
- 66670
- Редакция идентификаторы
- AI66670_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:56
0 Созақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 6, 11 тармақтарына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, табыстарын есепке алмай, өтемақы алу үшін, ай сайын 22 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтiк көмек көрсетілсін.
2 2. «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес анықталсын.
3 «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ аудандық мәслихатының
VІІІ сессиясының төрағасы: М.Сапаров
Созақ аудандық мәслихатының хатшысы: М.Исаев
Созақ аудандық мәслихатының
2012 жылғы 27 маусымдағы
№ 44 шешіміне қосымша
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі