Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 398 · қабылданған 25.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66674/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 398 ·25.06.2012
02.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 398 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша әлеуметтiк көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
398
Қабылданған күні
25.06.2012
Көрсетілген редакция
02.12.2014 AI66674_4.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VD002587
ЭКБ идентификаторы
66674
Редакция идентификаторы
AI66674_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:57

0 Қосымша әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29-бабының 6-тармағына, 15, 16-баптарына, 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек-балаларды материалды қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік көмек).

2 2.

Әрбір мүгедек-балаға ай сайын 6,2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

3 3.

Келесі талаптар белгіленсін:

1 1) мүгедек балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне беріледі;

2 2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан «Облыстың білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында бекітілген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

3 3) әлеуметтік көмекті төлеу өткен айға қаржыландырудың түсу шамасы бойынша жүргізіледі. Әлеуметтік төлемді тоқтатуға әкелетін жағдайларда (мүгедек-баланың 18 жасқа толуы, мүгедек-баланың өлімі, мүгедектіктің алынуы) сәйкес жағдайлар басталған айдан кейін төлем тоқтатылады.

4 4.

«Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (О.И. Ильинская) әлеуметтік төлемді тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.

5 5.

«Риддер қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т.В. Зайцева) жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.

6 6.

Риддер қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 1017 «Үйде оқытылатын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етудi тағайындау және төлеу Нұсқаулығын бекiту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (2011 жылы 22 қыркүйекте № 5-4-152 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 06 қазандағы № 40 (103) «Мой город Риддер» газетінде жарияланды).

7 7.

Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.В. Соколоваға жүктелсін.

8 8.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 01 шілдедегі туындаған қатынасқа таратылады.

Қолданыстағы