Об определении отдельных категорий граждан и перечня документов, необходимых для оказания социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении отдельных категорий граждан и перечня документов, необходимых для оказания социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/47-V
- Қабылданған күні
- 12.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2014 66676_158767.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VJ002598
- ЭКБ идентификаторы
- 66676
- Редакция идентификаторы
- 66676_158767
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:49
0 Әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін, жеке тұлғалардың санаттары айқындалсын:
1 1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектері;
2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
3 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа санаттардағы тұлғалар және 1941 жылдың 22 маусым 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде алты ай ҰОС жылдарында тылда жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;
4 4) әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар;
5 5) барлық санаттағы мүгедектер, мүгедек-балалар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеуші отбасылар;
6 6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;
7 7) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер;
8 8) жасы бойынша зейнеткерлер;
9 9) оралмандар;
10 10) көп балалы отбасылар;
11 11) толық емес отбасылар;
12 12) саяси қуғын-сүргін құрбандар;
13 13) өмірлік қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (жұмыссыздық, жанұя мүшелерінің біреуінің өлімі, апаттар, өрт, бақытсыз жағдайлар, төтенше жағдайлар, бас бостандығына айыру орындарынан босату).
2 2. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
1 1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
2 2) жеке басын куәландыратын құжат,
балаларға көмек көрсету үшін өтініш беруші – ата-анасының біреуі немесе заңды өкілімен (қамқоршысы, жанашыры, патронатты тәрбиешісі) баланың туу туралы куәлiгiн ұсынуымен;