Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к специальным техническим средствам для проведения оперативно-розыскных мероприятий" и "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к средствам криптографической защиты информации"

Бұйрық · № 186 · қабылданған 13.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66695/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к специальным техническим средствам для проведения оперативно-розыскных мероприятий" и "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к средствам криптографической защиты информации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 186 ·13.06.2012
15.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к специальным техническим средствам для проведения оперативно-розыскных мероприятий" и "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к средствам криптографической защиты информации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 186 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к специальным техническим средствам для проведения оперативно-розыскных мероприятий" и "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к средствам криптографической защиты информации"
Атауы (қаз.)
"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" және "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
186
Қабылданған күні
13.06.2012
Көрсетілген редакция
15.09.2014 AI66695_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007795
ЭКБ идентификаторы
66695
Редакция идентификаторы
AI66695_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:02

0

"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" және "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпарат қызметі:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2012 жылғы 13 маусымдағы
№ 186 бұйрығына
1-қосымша
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1

1. Осы «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік органдардың жеке міндеттерін іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған дара сипаты бар, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі;
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет көрсету стандартын сақтауды қамтамасыз ететін талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылы тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;
жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзу үшін арнайы техникалық құралдар (бұдан әрі – АТҚ) – ақпаратты жасырын алу үшін арнайы әзірленген техникалық құралдар, бұйымдар және бағдарламалық қамтамасыз ету;
қорытынды – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті бөлімшесі (бұдан әрі – лицензиялау органы) немесе оның аумақтық бөлімшесі берген АТҚ-ны кеден одағының кедендік аумағына әкелу мүмкіндігі немесе кеден одағының кедендік аумағынан әкету мүмкіндігі жөніндегі шарттарды белгілейтін құжат;
құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың бөлігі.

2 2. Жалпы ережелер

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша қорытынды түрінде беріледі.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» және «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 116 Жарлығымен бекітілген «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген лицензиялау органы және оның аумақтық бөлімшелері ұсынады.

4 4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны – автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының, «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» және «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 116 Жарлығы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген лицензиялау органы және оның аумақтық бөлімшелері қатысады.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

7 7. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытынды беру Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

8

8. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК): www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтемелер» бөлімінде жарияланған. Тұтынушы тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша қорытынды беруге қатысты өтінішін қарау барысы туралы толық ақпаратты осы өтінішті қабылдаған лицензиялау органына немесе оның аумақтық бөлімшесіне өтіну арқылы алады.

9 9. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.

10 10. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі.

11 11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға олардың өтініштері бойынша тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеудің қағаз түрінде берілетін қорытындысы не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы болып табылады.

12 12. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

13

13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан құжаттарды қабылдау кезінде өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында қабылдаудың нөмірі мен күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының оны анықтау деректері, сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі, қоса берілген құжаттардың саны туралы белгі қойылады, құжаттарды қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің аты-жөні көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға өтінішті қабылдау күні, өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді алу күні және өтінішті қабылдаған лицезиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің аты-жөні белгіленген талон беріледі (бұдан әрі – талон). Талон нысаны Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

14 14. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытындыны беру Стандарттың 9-тармағымен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады:

1 1) тұтынушы ұсынған құжаттардың топтамасын тексеру және қабылдау;

2 2) өтінішті өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында тіркеу;

3 3) тұтынушыға Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы талон беру;

4 4) тұтынушының өтінішін қарау;

5 5) мәлімделген тауардың техникалық сипаттамасын АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан зерттеу;

6 6) қорытынды дайындау;

7 7) дайындалған қорытындының сапасын тексеру;

8 8) қорытындыны техникалық өңдеу (құжаттың бірнеше парағын біріктіру);

9 9) уәкілетті лауазымды тұлғасының қол таңбасын қою және лицензиялау органының мөрін басу;

10 10) қорытындыны өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында тіркеу;

11 11) тұтынушы қол таңбасын қойған соң оған қорытындыны беру.

Қорытынды шығару кезінде қиыншылық болған жағдайда, лицензиар-органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы тауар үлгісін ұсынады. Осындай жағдайда ұсынылған тауар үлгісіне АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан қосымша техникалық зерттеу жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбау, сондай-ақ лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша тауардың үлгісін ұсынбау негіз болып табылады.
Өзге негіздер бойынша қорытынды беруден бас тартуға жол берілмейді.
ҚФБ-нің әрбір әкімшілік іс-қимылды орындау мерзімі көрсетіле отырып, әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін жүйе осы регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.

16

16. Өтініш үлгісі ҰҚК www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтеме» бөлімінде орналастырылған. Өтініштің бланкілерін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға Стандарттың 13-тармағымен белгіленген ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе Алматы қаласы және облыстар бойынша аумақтық органдары кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері береді.

17 17. Қорытынды мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ҚФБ-лер – лицензиялау органының (бұдан әрі – ЛО) қызметкерлері қатысады:

1 1) қорытындыға қол қоятын бөлімше бастығы (бастықтың орынбасары);

2 2) техникалық зерттеуді жүргізетін қызметкерлер;

3 3) құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және беруді жүзеге асыратын қызметкерлер.

1.1 ҚФБ іс-қимылы сипаттамасының кестесі

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу
үшін тауарларды арнайы техникалық
құралдарға жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу» бойынша
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
ҚФБ іс-қимылы сипаттамасының кестесі
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мы­лы (жұ­мыс ба­ры­сы, ле­гі)
1
іс-қи­мыл­дың (жұ­мыс ба­ры­сы, ле­гі) №
1
2
3
4
2
ҚФБ-тың ата­уы
ЛО қыз­мет­ке­рі
ЛО қыз­мет­ке­рі
ЛО бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
ЛО қыз­мет­ке­рі
3
іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау;
тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру;
өті­ніш­ті жур­нал­да тір­кеу;
тұ­ты­ну­шы­ға та­лон бе­ру
тұ­ты­ну­шы­ның өті­ні­шін қа­рау;
мә­лім­дел­ген та­у­ар­дың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сын АТҚ-ға жат­қы­зу тұр­ғы­сы­нан зерт­теу;
қо­ры­тын­ды дай­ын­дау;
қо­ры­тын­ды­ны тех­ни­ка­лық өң­деу (құ­жат­тың бір­не­ше па­рақ­та­рын бі­рік­ті­ру);
- дай­ын­дал­ған қо­ры­тын­ды­ның са­па­сын тек­се­ру;
қол қою
мөр ба­су;
қо­ры­тын­ды­ны жур­нал­да тір­кеу;
қо­ры­тын­ды­ны тұ­ты­ну­шы­ға қо­лын қой­дыр­тып бе­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық - өкім­дік ше­шім)
Өті­ніш­ті тір­кеу және тұ­ты­ну­шы­ға та­лон бе­ру не өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­ту
Рә­сім­дел­ген қо­ры­тын­ды
Қол қой­ы­л­ған қо­ры­тын­ды
өті­ніш­тер мен қо­ры­тын­ды­лар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тұ­ты­ну­шы­ның қо­лын қой­дыр­ту
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
15 ми­нут
4 жұ­мыс күн­ге дей­ін (та­у­ар­дың үл­гі­сіне зерт­теу жүр­гіз­ген жағ­дай­да – 28 күн­тіз­бе­лік күн­ге дей­ін)
10 ми­нут
20 ми­нут

1.2 Функционалдық өзара іс-қимыл жүйесі

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу
үшін тауарларды арнайы техникалық
құралдарға жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу» бойынша
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл жүйесі

2 «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2012 жылғы 13 маусымдағы
№ 186 бұйрығына
2-қосымша
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1

1. Осы «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған дара сипаты бар, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі.
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет көрсету стандартын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылы тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, кілттерді өндіруді, құрастыруды, таратуды немесе басқаруды іске асыратын құрал.
қорытынды – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті бөлімшесі (бұдан әрі – лицензиялау органы) немесе оның аумақтық бөлімшесі берген АКҚҚ-ны кеден одағының кедендік аумағына әкелу мүмкіндігі немесе кеден одағының кедендік аумағынан әкету мүмкіндігі жөніндегі шарттарды белгілейтін құжат;
құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері.

2 2. Жалпы ережелер

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) тауарларды АКҚҚ-ға жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу бойынша қорытынды түрінде беріледі.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» және «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 116 Жарлығымен бекітілген «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген лицензиялау органы және оның аумақтық бөлімшелері ұсынады.

4 4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны – автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, ««Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» және «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 116 Жарлығы мен «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген лицензиялау органы және оның аумақтық бөлімшелері қатысады.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

7 7. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытынды беру Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

8

8. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК): www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтемелер» бөлімінде жарияланған. Тұтынушы тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша қорытынды беруге қатысты өтінішін қарау барысы туралы толық ақпаратты осы өтінішті қабылдаған лицензиялау органына немесе оның аумақтық бөлімшесіне өтіну арқылы алады.

9 9. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.

10 10. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі.

11 11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға олардың өтініштері бойынша тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеудің қағаз түрінде берілетін қорытындысы не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы болып табылады.

12 12. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

13

13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан құжаттарды қабылдау кезінде өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында қабылдаудың нөмірі мен күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының оны анықтау деректері, сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі, қоса берілген құжаттардың саны туралы белгі қойылады, құжаттарды қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің аты-жөні көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысына өтінішті қабылдау күні, өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді алу күні және өтінішті қабылдаған лицезиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің аты-жөні белгіленген талон беріледі (бұдан әрі – талон). Талон нысаны Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

14 14. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытындыны беру Стандарттың 9-тармағымен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады:

1 1) тұтынушы ұсынған құжаттардың топтамасын тексеру және қабылдау;

2 2) өтінішті өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында тіркеу;

3 3) тұтынушыға Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талон беру;

4 4) тұтынушының өтінішін қарау;

5 5) мәлімделген тауардың техникалық сипаттамасын АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан зерттеу;

6 6) қорытынды дайындау;

7 7) дайындалған қорытындының сапасын тексеру;

8 8) қорытындыны техникалық өңдеу (құжаттың бірнеше парағын біріктіру);

9 9) уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы және лицензиялау органының мөрін басу;

10 10) қорытындыны өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында тіркеу;

11 11) тұтынушыға қорытындыны қол қою арқылы беру.

Қорытынды шығару кезінде қиыншылық болған жағдайда, лицензиар-органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысы тауар үлгісін ұсынады. Осындай жағдайда ұсынылған тауар үлгісіне АКҚҚ-қа жатқызу тұрғысынан қосымша техникалық зерттеу жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбау, сондай-ақ лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша тауардың үлгісін ұсынбау негіз болып табылады.
Өзге негіздер бойынша қорытынды беруден бас тартуға жол берілмейді.
ҚФБ-нің әрбір әкімшілік іс-қимылды орындау мерзімі көрсетіле отырып, әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін тәсім осы регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.

16

16. Өтініш үлгісі ҰҚК www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтеме» бөлімінде орналастырылған. Өтініштің бланкілерін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға Стандарттың 13-тармағымен белгіленген ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе Алматы қаласы және облыстар бойынша аумақтық органдары кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері береді.

17 17. Қорытынды мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ – лицензиялау органының (бұдан әрі – ЛО) қызметкерлері қатысады:

1 1) қорытындыға қол қоятын бөлімше бастығы (бастықтың орынбасары);

2 2) техникалық зерттеуді жүргізетін қызметкерлер;

3 3) құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және беруді жүзеге асыратын қызметкерлер.

2.1 ҚФБ іс-қимылы сипаттамасының кестесі

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу»
бойынша мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне
1-қосымша
ҚФБ іс-қимылы сипаттамасының кестесі
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (жұ­мыс ба­ры­сы, ле­гі)
1
іс-қи­мыл­дың (жұ­мыс ба­ры­сы, ле­гі) №
1
2
3
4
2
ҚФБ-тың ата­уы
ЛО қыз­мет­ке­рі
ЛО қыз­мет­ке­рі
ЛО бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
ЛО қыз­мет­ке­рі
3
іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау;
тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру;
өті­ніш­ті жур­нал­да тір­кеу;
тұ­ты­ну­шы­ға та­лон бе­ру
тұ­ты­ну­шы­ның өті­ні­шін қа­рау;
мә­лім­дел­ген та­у­ар­дың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сын АКҚҚ-ға жат­қы­зу тұр­ғы­сы­нан зерт­теу;
қо­ры­тын­ды дай­ын­дау;
қо­ры­тын­ды­ны тех­ни­ка­лық өң­деу (құ­жат­тың бір­не­ше па­рақ­та­рын бі­рік­ті­ру);
- дай­ын­дал­ған қо­ры­тын­ды­ның са­па­сын тек­се­ру;
қол қою
мөр ба­су;
қо­ры­тын­ды­ны жур­нал­да тір­кеу;
қо­ры­тын­ды­ны тұ­ты­ну­шы­ға қо­лын қой­дыр­тып бе­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық - өкім­дік ше­шім)
Өті­ніш­ті тір­кеу және тұ­ты­ну­шы­ға та­лон бе­ру не өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­ту
Рә­сім­дел­ген қо­ры­тын­ды
Қол қой­ы­л­ған қо­ры­тын­ды
өті­ніш­тер мен қо­ры­тын­ды­лар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тұ­ты­ну­шы­ның қо­лын қой­дыр­ту
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
15 ми­нут
8 жұ­мыс күн­ге дей­ін (та­у­ар­дың үл­гі­сіне зерт­теу жүр­гіз­ген жағ­дай­да – 28 күн­тіз­бе­лік күн­ге дей­ін)
10 ми­нут
20 ми­нут

2.2 Функционалдық өзара іс-қимыл жүйесі

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу»
бойынша мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл жүйесі

Қолданыстағы