Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 153 · қабылданған 29.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66698/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 153 ·29.06.2012
21.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 153 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153
Қабылданған күні
29.06.2012
Көрсетілген редакция
21.11.2014 66698_156830.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VJ002601
ЭКБ идентификаторы
66698
Редакция идентификаторы
66698_156830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:53

0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, 15, 16 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жарма аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).

2 2.

Әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) әр мүгедек балаға ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

3 3.

Келесі жағдайлар белгіленсін:

1 1)

мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

2 2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы, ведомствоаралық психологиялық–медициналық–педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

3

3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуiне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

4 4.

«Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К.С. Баубекова) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төленуді қамтамасыз етсін.

5 5. «Жарма ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.С. Серікболова), жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаты шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданының әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.

7 7.

Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы