Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию"

Бұйрық · № 255-ОД · қабылданған 03.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66715/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию" Күшін жойған Бұйрық ·№ 255-ОД ·03.07.2012
21.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 255-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию"
Атауы (қаз.)
"Экономикалық шоғырлануға Келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
255-ОД
Қабылданған күні
03.07.2012
Көрсетілген редакция
21.02.2014 AI66715_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007802
ЭКБ идентификаторы
66715
Редакция идентификаторы
AI66715_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:52

0 "Экономикалық шоғырлануға Келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Заң қызметі департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Агенттіктің Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Б. Мәтішевке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызметінің регламенті

Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының
2012 жылғы 3 шілдедегі
№ 255-НҚ бұйрығымен
бекітілген
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызметтің стандартын (бұдан әрі - Стандарт) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 807 қаулысына сәйкес әзірленді.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Монополияға қарсы орган) көрсетеді.

3 3. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар;

2 2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазымды тұлғалар.

4 4. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – оның қорытындысы тұтынушыға экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу болып табылатын өтінішхаттарды қарау рәсімі.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

6 6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 49-57-бабының негізінде көрсетіледі.

8 8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мынадай:

1 1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;

2 2) дәлелді қорытындымен экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдау болып табылады.

9 9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері тұтынушыға жазбаша түрде қағаз жеткізгіште беріледі.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне басқа мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың қатысуы көзделмеген.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

11 11. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, монополияға қарсы органның жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-дан 14.30 сағатқа дейінгі аралықтағы түскі үзілісіпен, күн сайын 9.00-ден 18.30 сағат аралығында көрсетіледі.

Қабылдау кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылмайды және жеделдетілген қызмет көрсетілмейді.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпаратты, оны алу үшін қажетті құжаттарды монополияға қарсы орган Стандартқа 1-қосымшада не www.azk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша береді.

13

13. Мемлекеттік қызмет «Министрліктер үйі» ғимаратында көрсетіледі, үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіру есігі бар рұқсат беру бюросы арқылы және аумақтық органдардың ғимараттарында жүзеге асырылады, мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Құқықтық тәртіпті қолдау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Ғимарат физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен және ақпараттық стенділермен жабдықталған.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мына кезден бастап:

тұтынушының өтінішхаттары қарауға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту үшін Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған – 10 күнтізбелік күн ішінде.
өтінішхаттар қарауға қабылданған – 50 күнтізбелік күннен аспайтын.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Заңның 54-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады және жаңартылады.

16 16. Мемлекеттік қызметті көрсетуде өтінішхатты қарауды тоқтату үшін негіз мыналар болып табылады:

1 1) тұтынушылардан өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарламалардың келіп түсуі;

2 2) тұтынушы монополияға қарсы орган айқындаған мерзімде ақпаратты бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болса;

3 3) тұтынушының өтінішхатты объективті қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат беруі.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсетуде өтінішхатты қабылдаудан бас тарту үшін тұтынушының Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеуі негіз болып табылады.

18

18. Монополияға қарсы органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылдаған күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтінішхатта көрсетілген мекенжайға жіберіледі не тұтынушыға беріледі.
Өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін тұтынушы монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

19 19. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін берген кезге дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушы Заңның 52-53-баптарының талаптарына сәйкес монополияға қарсы органға өтінішхат береді;

2 2) монополияға қарсы орган өтінішхатты тіркеуді жүргізеді;

3

3) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау бойынша монополияға қарсы органның жұмыс органы (орталық аппаратта - жауапты құрылымдық бөлімше, аумақтық органдарда – Тауар нарықтарының мониторингі және талдау бөлімі) тұтынушылар ұсынған өтінішхаттарды қарауды жүзеге асырады, сұрау салулар жібереді, дәлелді бас тартуды немесе тұтынушыға келісім беруді әзірлейді. Экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы, мұндай шешімдерді қайта қарау немесе олардың күшін жою туралы шешімді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) – басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) қабылдайды.

20 20. Монополияға қарсы органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау

21 21. Монополияға қарсы органда құжаттарды қабылдау Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша және уақытта монополияға қарсы органның кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

Монополияға қарсы органға құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға өтішішхаттың көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қойылады.

22 22. Экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу бойынша ресімделген шешімдер бірдей нөмірі бар екі данада толтырылады: біріншісі – тұтынушыға беріледі (жіберіледі), екіншісі – сақтау үшін монополияға қарсы органда қалады.

23 23. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мына ҚФБ-лер қатысады:

1 1) монополияға қарсы органның кеңсесі;

2 2) монополияға қарсы органның басшылығы;

3 3) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау бойынша монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4 4) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау бойынша монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;

5 5) Басқарма.

24 24. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелілігін және өзара іс-қимылын мәтіндік кестелік сипаттау Регламентке 1-қосымшада келтірілді.

25 25. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелілігі мен өзара іс-қимылын сипаттау

«Экономикалық шоғырлануға келісім
беру туралы өтінішхаттарды қарау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелілігі мен өзара іс-қимылын сипаттау
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Агент­тіктің іс-қа­ға­з­да­рын жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Агент­тіктің бас­шы­сы
Агент­тіктің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Агент­тіктің де­пар­та­мент ди­рек­то­ры, ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры, бас­қар­ма ба­стығы
Агент­тік бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Агент­тіктің іс қа­ға­з­да­рын жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
3
Іс-әре­кет­тің (опе­ра­ци­я­ның үр­ді­сі, рә­сі­мі) ата­уы және олар­ды си­паттау
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және жур­нал­ға тір­кеу
Орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
Бе­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді
Өті­ні­ш­хат­тар­ды қа­ра­у­ға қа­был­дау және қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы құ­жат­тар­ды және дай­ын­дал­ған жа­у­ап­тар­ды қа­рау
Бе­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дар­ды қа­рау
Өті­ні­ш­хат­тар­ды қа­ра­у­ға қа­был­дау және қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы тұ­ты­ну­шы­ға жа­у­ап бе­ру (жі­бе­ру)
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық - өкім­дік ше­шім)
Ти­іс­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы бел­гі
Қа­рар­ды қою
Өті­ні­ш­хат­тар­ды қа­ра­у­ға қа­был­дау және қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы өті­ніш бер­ген тұл­ға­ны жа­з­ба­ша түр­де ха­бар­дар ете­ді
Ре­сім­дел­ген құ­жат­қа бұ­ры­шта­ма қою
Ре­сім­дел­ген құ­жат­қа қол қою
Тұ­ты­ну­шы­ның  ал­ған қо­лы не поч­та бай­ла­ны­сы ар­қы­лы жі­бе­рі­л­ге­ні ту­ра­лы бел­гі
5
Орын­дау мер­зі­мі
15 ми­нут
1 күн
8 күн
1 күн
3 са­ғат
15 ми­нут
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) дәйектілігі және өзара іс-әрекетін сипаттау
1
№ іс-әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты Агент­тіктің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Агент­тіктің де­пар­та­мент ди­рек­то­ры, ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры, бас­қар­ма ба­стығы
Агент­тіктің бас­қар­ма­сы Агент­тіктің бас­шы­сы, жа­у­ап­ты хат­шы­сы, бас­шы­ның орын­ба­са­ла­ры
Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты Агент­тіктің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
3
Іс-әре­кет­тер­дің ата­уы (үде­рі­стер, рә­сім­дер, опе­ра­ци­я­лар және олар­ды си­паттау)
Қа­ра­у­ға қа­был­да­ған жағ­дай­да үстем неме­се мо­но­по­ли­я­лық жағ­дай­ды ық­ти­мал бел­гі­леу неме­се кү­шей­ту­ге жа­са­су­ға жос­пар­лан­ған мәмі­ле­лер­ді тек­се­ре­ді
Құ­жат­тар­ды және ке­лі­сім бе­ру, тоқ­та­ту не дәлел­ді бас тар­ту ту­ра­лы әзір­лен­ген рас­та­у­лар­ды заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гіне қа­рау
Бе­рі­л­ген құ­жат­тар­ды қа­рау
Тұ­ты­ну­шы­ға тоқ­та­тқа­ны неме­се бас тар­тқа­ны ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­тау бе­ру (жі­бе­ру)
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық - өкім­дік ше­шім)
Ке­лі­сім бе­ру, тоқ­та­ту неме­се жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­тқа­ны ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат­ты дай­ын­дай­ды
Ре­сім­дел­ген құ­жат­қа бұ­ры­шта­ма қою
Ре­сім­дел­ген құ­жат­қа қол қою
Тұ­ты­ну­шы­ның ал­ған­да­ғы қо­лы не поч­та бай­ла­ны­сы ар­қы­лы жі­бе­рі­л­ге­ні ту­ра­лы бел­гі
5
Орын­дау мер­зі­мі
45 күн (қа­рау мер­зім­де­рін тоқ­та­та тұ­руы мүм­кін)
2 күн
3 күн
15 ми­нут
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
Агент­тіктің іс қа­ға­з­да­рын жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Агент­тіктің бас­шы­сы
Агент­тіктің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Агент­тіктің бас­қар­ма­сы, жа­у­ап­ты хат­шы және бас­шы­ның орын­ба­са­ры, де­пар­та­мент ди­рек­то­ры, ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры, бас­қар­ма ба­стығы
Агент­тіктің бас­шы­сы
Агент­тіктің іс қа­ға­з­да­рын жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
№ 1 іс-әре­кет құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды және жур­нал­ға тір­кей­ді, ти­іс­ті құ­жат­тар­ды қа­был­да­ға­ны ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді.
(15 ми­нут)
№ 2 іс-әре­кет Орын­да­у­шы­ны ай­қын­дай­тын қа­рар­ды қо­яды
(3 са­ғат)
№ 3 іс-әре­кет Үстем неме­се мо­но­по­ли­я­лық жағ­дай­ды ық­ти­мал бел­гі­ле­у­ге неме­се кү­шей­ту­ге жа­са­су­ға жос­пар­лан­ған мәмі­ле­лер­ді тек­се­ре­ді
45 күн (мер­зім­де­рін тоқ­та­та тұ­руы мүм­кін)
№ 4 іс-әре­кет Бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гін қа­рай­ды, ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ға бұ­ры­шта­ма қо­яды
1 күн
№ 5 іс-әре­кет Бе­рі­л­ген құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, Ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ға қол қо­яды
(1 күн)
№ 6 іс-әре­кет Тұ­ты­ну­шы­ға рас­тау хат бе­ре­ді, тұ­ты­ну­шы ал­ған кез­де қол қо­яды.
(15 ми­нут)
Ба­ла­ма­лы үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
Агент­тіктің іс қа­ға­з­да­рын жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Агент­тік бас­шы­сы
Агент­тіктің бас­қар­ма­сы, жа­у­ап­ты хат­шы және бас­шы­ның орын­ба­са­ры, де­пар­та­мент ди­рек­то­ры, ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры, бас­қар­ма ба­стығы
Агент­тіктің мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
№ 1 іс-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды және жур­нал­ға тір­кей­ді, ти­іс­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді
(15 ми­нут)
№ 2 іс-әре­кет
орын­да­у­шы ай­қын­дай­тын қа­рар­ды қо­яды
(3 са­ғат)
№ 3 іс-әре­кет
Үстем неме­се мо­но­по­ли­я­лық жағ­дай­ды ық­ти­мал бел­гі­леу неме­се кү­шей­ту­ге жа­са­су­ға жос­пар­лан­ған мәмі­ле­лер­ді тек­се­ре­ді
жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту дай­ын­дай­ды (1 күн).
Құ­жат­тар­дың то­лық­тай тіз­бе­сін бер­ме­ген жағ­дай­да
(1 күн).
№ 4 іс-әре­кет
Тұ­ты­ну­шы бер­ген құ­жат­тар­ды және жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды қа­рай­ды және оған бұ­ры­шта­ма қо­яды
(1 күн).
құ­жат­тар­дың то­лық­тай тіз­бе­сін бер­ме­ген жағ­дай­да (2 са­ғат)
№ 5 іс-әре­кет
Жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қо­яды
(1 күн).
Құ­жат­тар­дың то­лық­тай тіз­бе­сін бер­ме­ген жағ­дай­да
(1 са­ғат)
№ 6 іс-әре­кет
Тұ­ты­ну­шы­ға дәлел­ді бас тар­ту бе­ре­ді (жі­бе­ре­ді)
(15 ми­нут)

2 Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема

«Экономикалық шоғырлануға келісім беру
туралы өтінішхаттарды қарау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема

Қолданыстағы