Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учета, определения и возмещения ущерба, причиняемого пожарами на территории лесного фонда

Қаулы · № 955 · қабылданған 21.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66725/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил учета, определения и возмещения ущерба, причиняемого пожарами на территории лесного фонда Күшін жойған Қаулы ·№ 955 ·21.07.2012
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учета, определения и возмещения ущерба, причиняемого пожарами на территории лесного фонда

Күшін жойған Қаулы ·№ 955 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учета, определения и возмещения ущерба, причиняемого пожарами на территории лесного фонда
Атауы (қаз.)
Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
955
Қабылданған күні
21.07.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI66725_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000955
ЭКБ идентификаторы
66725
Редакция идентификаторы
AI66725_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:46

0 Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 шілдедегі
№ 955 қаулысымен
бекітілген
Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу тәртібін белгілейді.

2 2. Орман иеленушілер осы Қағидаларға сәйкес орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу мен анықтауды жүргізеді.

3 3. Орман өртінен келтірілген толық материалдық залалдарға:

1 1) тікелей материалдық шығын:

орта жастағы, толысып келе жатқан, өсіп-жетілген және қураған екпе ағаштардың, тамырынан зақымданған сүректердің жойылуынан келетін залал;
табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтардың, тұтас емес орман екпелерінің және алаңдағы өскіндердің зақымдануынан келетін залал;
екінші дәрежелі орман ресурстарының зақымдануынан келетін залал;
орман қорының аумағында жанама орман пайдалану ресурстарының зақымдануынан келетін залал;
жанып кеткен және бүлінген құрылыс объектілерінен, техникалардан, жабдықтар мен басқа да материалдық құндылықтардан келетін залал;
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залал;

2 2) жанама материалдық залал:

орман өрттерін сөндіру шығыстары;
ормандарды өсіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу шығыстары;
суды сақтау, алқап- және топырақ қорғау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы функцияларының төмендеуінен келетін залал кіреді;

3

3) әлеуметтік материалдық залал – өндірістік қызметтен еңбек ресурстарының шығып қалуының нәтижесінде пайдаланылмаған мүмкіндіктерден келетін шығындарды қоса алғанда, адамдардың қаза табуының және жарақаттауының салдарынан іс-шаралар жүргізуге, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар төлеуге арналған шығындардың, санаториялық-курорттық емдеуге, мүгедектерге, сондай-ақ асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша зейнетақылар төлеуге арналған шығыстардың құны.

4

4. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу мен анықтау орман өрті сөндірілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі. Сонымен бірге, өрт болған орман қорының орналасқан учаскесі мен ауданы анықталады және нақтыналады, шекарасын жақын орналасқан орман жолына немесе басқа да бағдарға байланыстырыла өрттің схемалық сызбасы жасалады. Жоспарлы-картографиялық материалға орман өртінің нұсқасы түсіріледі және орманның табиғи түлеуіне ықпалы жөніндегі іс-шаралармен, тұтасқан немесе тұтаспаған орман ағаштарының, алқаптардың табиғи өсіп-өнген жас шыбықтарды оттың шарпып өткен ауданы анықталады.

5 5. Орманды орналастыру материалдары бойынша сүректің негізгі тұқымы, орташа биіктігі, шеңбері және өрттен зақымданған орман ағаштарының запасы анықталады. Санитарлық іс-шаралар және зақымданған учаскелерде орман өсіру жөніндегі іс-шараларды өткізудің шарты мен мерзімдері белгіленеді.

6 6. Орман өртінің түрі мен қарқындылығы осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлі компоненттерінің бүліну немесе жану белгілері бойынша анықталады.

7

7. Орман өртінің зиянын есептеуде түбірімен босатылатын сүрек төлемақысының қолданыстағы ставкалары, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзылуымен келтірілген зиянды өтеу ставкаларының мөлшері, жергілікті өкілді органдар бекіткен орман пайдаланғаны үшін төлем ставкалары   пайдаланылады.

2 2. Тікелей материалдық залалды анықтау тәртібі

8

8. Өсіп тұрған сүректің шығындары сүректің жалпы запасына пайызбен есептегенде өрттің түрін, оның қарқындылығын, екпедегі басым тұқымды және оның орташа диаметрін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген орман өрттері кезіндегі өсіп тұрған сүрек шығындарының көрсеткіштеріне сәйкес анықталады.

9 9. Өрт болған аудандағы сүректердің жалпы запасы, от зақымдаған сүрекдіңнің басым көпшілігінің орташа диаметрі орман орналастыру материалдары бойынша анықталады.

10

10. Егер өрт бірнеше бағалық орамдардан тұратын екпе ағаштарды орап алса және өрттің ауданы бір орамнан аспайтын болса, сүректердің жалпы жойылуы әр орам бойынша есептелетін, жойылу жиынтығы ретінде анықталады. Олар орамдағы сүректердің жалпы қорынан немесе оның бөлігінен және қордың жойылу пайызынан есептеледі. Есептеу оның басым көпшілігінің орташа диаметрін есепке ала отырып жүргізіледі.

11 11. Егер өрт бірнеше орамды немесе оның бөліктерін шарпыса, сүректердің жойылуы орамдар немесе олардың бөліктері бойынша есептеліп, содан кейін қосылады. Мұндай жағдайда, жалпы әр орам немесе оның бөлімі үшін ағаштың басым көпшілік тұқымы басым сүректер қоры және оның орташа диаметрі белгіленеді.

12

12. Сүректердің жойылуынан келетін залал «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 506-бабында көзделген сүректердің бір текше метрі үшін төлем ставкалары сүректердің жойылу көлеміне көбейту жолымен анықталады.

13 13. Өрттен зақымданған сүректерді өткізу мүмкін болған жағдайда, өткізуге жататын түбірден алынған сүректердің құны шығын көлемінен есептеледі.

14 14. Табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтары, тұтас емес орман екпелері және алаңдағы өскіндерінің (бұдан әрі – жас шыбықтар) зақымданған кезіндегі залалдары, өсірілген жас шыбықтардың тамыр жайғанға дейінгі шығындар бойынша анықталады.

15

15. Жас талдардың зақымдануынан келетін залалды анықтау зақымданған жас талдардың жасын ескере отырып жас талдарды бөрікбастарының ұштасу жасына дейін өсіруге жұмсалған шығындарды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ормандарды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындардың тиісті коэффициентіне көбейту жолымен жүзеге асырылады.

16 16. Екінші дәрежедегі орман ресурстарының зақымдануынан келетін залал, тиісті орман тұқымының түбірден ағаш сүрегіне босатылу төлем ставкасының 20 % мөлшерінде есептеледі.

17

17. Орман өртінің орман қоры аумағындағы жанама орман пайдалану ресурстарын зақымдауынан келетін залал жергілікті өкілді органдар бекітетін орман ресурсының бірлігі үшін төлемақы ставкаларының негізінде жанама орман пайдаланудың әрбір зақымданатын ресурсы бойынша анықталатын залал сомасы ретінде есептеледі.

18

18. Орман өртінің мемлекеттік немесе жекеше орман иеленушілердің ормандағы құрылыс объектілерін, техникасын, жабдықтарын және басқа да материалдық құндылықтарын (шектеу белгілері, аншлагтар, маңдайшалар, көрнекі үгіт пен насихаттың басқа да заттарын, шағын сәулет нысандары) зақымдап немесе жойып келтірген залалдың көлемі олардың нарықтық бағасы басшылыққа алына отырып анықталады.

19

19. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залалдар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасының бұзылуынан келтірілген залалды өтеу ставкаларының мөлшеріне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға сәйкес анықталады.

3 3. Жанама материалдық залалды анықтау тәртібі

20 20. Орман өртін сөндіру шығыстары:

1 1) орман өртін сөндіруге басқа ұйымдар мен кәсіпорындардан тартылған жұмыскерлердің, басқа санаттағы тұрғындардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес төленетін еңбекақысын;

2 2) орман өртін сөндіру кезінде пайдаланылған машина мен тракторлар қызметінің иелерінің шот-фактурасымен расталған құнын;

3 3) орман өртін сөндіру кезінде жұмсалған, нарықтық бағасымен есептелген жанар-жағармай материалдарының, өрт сөндіру құралдарының және тамақ өнімдерінің құнын қамтиды.

21

21. Ормандарды өсіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу шығыстары осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалар негізінде анықталады, бұл ретте 1 гектарға шаққанда көрсетілген іс-шараларды өткізуге қажетті шығындар өрт өткен алаңға көбейтіледі.

22

22. Суды қорғау, алқап- және топырақ сақтау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы функциялары төмендеуінен келетін залал осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес есептелген сүректердің түбірінен жойылуы мен жас шыбықтардың зақымдануы жиынтығын осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ормандарды қорғау санаты бойынша залалды айқындау үшін экологиялық маңыздылық коэфициентіне көбейту арқылы анықталады.

4 4. Әлеуметтік материалдық залалды анықтау тәртібі

23 23. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген әлеуметтік материалдық залал «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына сәйкес анықталады.

5 5. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу тәртібі

24 24. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залал туралы мәліметтер осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша орман өрті туралы хаттамада, орман қоры аумағындағы орман өрттерін есепке алу журналында көрсетіледі.

25 25. Орман өрті туралы хаттаманы орман иеленушілер екі нұсқада жасайды, бұл ретте бірінші данасы құқық қорғау органдарына беріледі, ал екінші данасы орман иеленушіде қалады.

26 26. Орман қоры аумағындағы орман өрттерін есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі, орман иесінің қолымен және мөрімен расталады.

6 6. Орман өртінен келтірілген залалды өтеу тәртібі

27 27. Жеке және заңды тұлғалардың қасақана өрт салуы немесе олардың ормандағы өрт қауіпсізді талаптарын бұзуы салдарынан орман қорының аумағында өрттен келтірілген тікелей және жанама материалдық залал өтеуге жатады.

28 28. Жеке және заңды тұлғалардың қасақана өрт салуы немесе олардың ормандағы өрт қауіпсізді талаптарын бұзуы салдарынан орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды өтеу Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес ерікті түрде және сот тәртібімен жүргізіледі.

1 Ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлі компоненттерінің жарақаттану немесе жану белгілері

Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
1-қосымша
Ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлі компоненттерінің жарақаттану немесе жану белгілері
Өрт тү­рі мен оның ин­тен­сив­ті­лі­гі
Өрт қа­уіп­ті­лі­гі­нің клас­сы
Жа­на­тын ор­ман ма­те­ри­ал­да­ры­ның тү­рі, олар­дың өзге­ше­лі­гі мен жа­ну ерекше­лік­те­рі
1
2
3
Тө­мен­гі жү­гір­ме­лі:
әл­сіз
I-II
Жер­ге түс­кен жа­пы­рақ­тар, бұ­тақ­ша­лар, мүк­тер, қы­на­лар, өт­кен жы­л­ғы құр­ғақ шөп жа­на­ды, жа­лын­ның би­ік­ті­гі 0,5 мер­ге дей­ін, от­тың та­ра­лу жыл­дамды­ғы ми­ну­ты­на 1 метр. 1 м2 жа­ну ма­те­ри­ал­да­ры­ның за­па­сы 0,3-1,2 ки­ло­грамм.
ор­та­ша
II-III
Жер­ге түс­кен жа­пы­рақ­тар, бұ­тақ­ша­лар, мүк­тер, қы­на­лар, бұ­тақ­тар, шөп тө­се­ніш­те­рі­нің үстің­гі қа­ба­ты жа­на­ды, жа­лын­ның би­ік­ті­гі 0,5-1,5 метр дей­ін, күй­ген ағаш ді­ңі­нің би­ік­ті­гі 1-2 метр, от­тың та­ра­лу жыл­дам­да­ғы ми­ну­ты­на 3-5 метр. 1 м2 жа­ну ма­те­ри­ал­да­ры­ның за­па­сы 0,3-2,5 ки­ло­грамм.
кү­ш­ті
III-IV
Жа­лын­ның би­ік­ті­гі 1,5-2 метр, күй­ген ағаш ді­ңі­нің би­ік­ті­гі 2 метр­ден жо­ға­ры, от­тың та­ра­лу жыл­дамды­ғы 3-5 метр. 1 м2 жа­ну ма­те­ри­ал­да­ры­ның за­па­сы 0,3-2,5 ки­ло­грамм.
Тө­мен­гі тұ­рақ­ты:
әл­сіз
II-III
Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген жа­ну ма­те­ри­ал­да­ры­нан бас­қа то­пы­рақ­тың үстің­гі қа­ба­тын­да­ғы ті­рі тө­се­ніш­тер, тө­се­ніш­тің ші­ри ба­с­та­ған қа­ба­ты жа­на­ды. 1 м2 жа­ну ма­те­ри­а­лы­ның за­па­сы 0,5-3,6 ки­ло­грамм құ­рай­ды.
ор­та­ша
III-IV
Қо­сым­ша ор­ман тө­се­ні­ші­нің жар­ты­лай ші­рі­ген қа­ба­ты жа­на­ды, ал ағаш дің­ге­гі ай­на­ла­сын­да­ғы, тү­бір мен аға­штар қал­ды­ғы жер­дің ми­не­рал­дық қа­ба­ты­на дей­ін жа­на­ды, күй­ген ағаш ді­ңі­нің би­ік­ті­гі 10-12 метр.
кү­ш­ті
IV-V
Ор­ман тө­се­ні­ші жер­дің ми­не­рал­дық қа­ба­ты­на дей­ін то­лық жа­нып ке­те­ді, аға­штар­дың та­мыр жүй­е­ле­рі де күй­е­ді, олар­дың же­ке­ле­ген­де­рі құ­лай­ды. Күй­ген ағаш ді­ңі­нің би­ік­ті­гі 10-12 метр­ден жо­ға­ры.
То­пы­рақ­тық (то­пы­рақ­тық-шым­те­зек):
әл­сіз
III
Сфаг­нум 7 сан­ти­метр те­рең­дік­ке дей­ін жа­нып ке­те­ді, та­мыр­лар ара­сын­да­ғы шым­те­зек 30 сан­ти­метр те­рең­дік­ке дей­ін күй­е­ді.
ор­та­ша
IV
Сфаг­нум­нан бас­қа шым­те­зек 25 сан­ти­метр те­рең­дік­ке дей­ін жа­нып ке­те­ді. Кө­пте­ген аға­штар­дың ай­на­ла­сын­да, олар­дың ке­сек­ті шым­те­зек бө­лі­мі то­пы­рақ­тың ми­не­рал­ды қа­ба­ты­на дей­ін жа­на­ды. Же­ке­ле­ген аға­штар құ­лай­ды.
кү­ш­ті
IV-V
Шым­те­зек қа­ба­ты то­лы­ғы­мен то­пы­рақ­тың ми­не­рал­дық бө­лі­міне дей­ін жа­нып ке­те­ді. Аға­штар­дың жап­пай құ­ла­уы бай­қа­ла­ды.
Жо­ғар­ғы:
әл­сіз
III
Аға­штың ұшар ба­сы­ның тұ­та­стығы ша­ма­лы қыл­қан жа­пы­рақ­ты, неме­се құ­ра­мы­на жа­пы­рақ тұқым­ды­лар кі­ре­тін ек­пе­лер­де туын­дай­ды. Қыл­қан жа­пы­рақ­ты­лар­дың топ­та­са ор­на­лас­қан учас­ке­ле­рі өрт­тен за­қым­да­на­ды.
ор­та­ша
III-1V
Ор­ман да­қыл­да­рын­да және та­би­ғи жол­мен өн­ген қыл­қан жа­пы­рақ­ты тұқым­дар­да туын­дай­ды. Аға­штың үстің­гі қа­ба­тын­да­ғы өрт көл­де­не­ңі­нен де та­ра­ла­ды, со­ны­мен қа­тар тө­мен­гі қа­бат өр­ті­нен жиі ал­ға шы­ғып ке­те­ді. Сү­рек­дің­нің ба­сым бө­лі­гі үстің­гі қа­бат өр­ті­нен за­қым­да­на­ды.
кү­ш­ті
IV-V
Сү­рек­дің шы­мыл­ды­ғы то­лы­ғы­мен жа­нып ке­те­ді. Кү­ш­ті жел ке­зін­де өрт тез та­ра­ла­ды.

2 Орман өрті кезінде сүректердің түбірінен жойылу көрсеткіштері

Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
2-қосымша
Орман өрті кезінде сүректердің түбірінен жойылу көрсеткіштері
р/с №
Өрт түр­ле­рі мен олар­дың қар­қын­ды­лы­ғы
Ор­та­ша шең­бе­рі, см
Тұқым­ды­лар бой­ын­ша қу­ра­ған сү­рек­тің және кей­ін­нен жой­ы­ла­тын сү­рек­тің пай­ы­зы (жал­пы қор­дың)
бал­қа­ра­ғай
қай­ың
май­қа­ра­ғай
шыр­ша
са­мыр­сын
ақ қай­ың
те­рек
қат­ты-жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Тө­мен­гі жү­гір­ме­лі:
1
әл­сіз
12-16
5
10
15
20
25
17
7
-
2
17-24
-
5
10
15
20
12
-
-
3
25-32
-
-
5
10
15
7
-
-
4
33 және одан жо­ға­ры
-
-
-
5
10
5
-
-
5
ор­та­ша
12-16
10
15
20
30
35
25
12
5
6
17-24
5
10
15
25
30
20
7
-
7
25-32
-
5
10
20
25
15
-
-
8
33 және одан жо­ға­ры
-
-
5
15
20
10
-
-
9
кү­ш­ті
12-16
15-
20
30
50
55
40
18
10
10
17-24
10
15
25
35
40
30
12
5
11
25-32
5
10
20
30
35
25
7
-
12
33 және одан жо­ға­ры
-
-
15
25
30
20
-
-
Тө­мен­гі қа­бат тұ­рақ­ты:
13
әл­сіз
12-16
20
30
50
80
85
55
25
15
14
17-24
25
25
40
70
75
45
20
10
15
25-32
10
20
30
50
60
35
15
5
16
33 және одан жо­ға­ры
5
15
25
35
50
30
5
-
17
ор­та­ша
12-16
30
40
60
90
95
65
35
20
18
17-24
25
35
50
60
85
55
30
15
19
25-32
20
30
40
70
75
45
25
10
20
33 және одан жо­ға­ры
10
20
35
60
70
40
15
5
21
кү­ш­ті
12-16
55
65
85
100
100
90
60
40
22
17-24
40
50
70
95
100
80
45
35
23
25-32
30
40
60
80
85
70
35
25
24
33 және одан жо­ға­ры
20
25
50
75
80
60
20
15
То­пы­рақ­тық (то­пы­рақ­тық-шым­те­зек­тік):
25
әл­сіз
12-16
65
70
80
90
95
85
-
-
26
17-24
60
65
75
80
90
80
-
-
27
25-32
50
55
70
75
85
75
-
-
28
33 және одан жо­ға­ры
35
40
60
65
80
65
-
-
29
ор­та­ша
12-16
80
85
95
100
100
100
-
-
30
17-24
70
75
80
95
100
95
-
-
31
25-32
65
70
75
90
95
90
-
-
32
33 және одан жо­ға­ры
50
55
70
85
90
80
-
-
33
кү­ш­ті
12-16
100
100
100
100
100
100
-
-
34
17-24
100
100
100
100
100
100
-
-
35
25-32
95
95
95
100
100
100
-
-
36
33 және одан жо­ға­ры
90
90
90
100
100
100
-
-
Жо­ғар­ғы қа­бат:
37
әл­сіз
12-16
15
85
60
90
95
55
25
15
38
17-24
10
70
40
85
90
45
20
10
39
25-32
-
60
20
80
85
35
15
5
40
33 және одан жо­ға­ры
-
50
10
75
80
30
5
-
41
ор­та­ша
12-16
40
95
80
100
100
65
35
20
42
17-24
15
90
75
95
95
55
30
15
43
25-32
5
85
60
85
90
45
25
10
44
33 және одан жо­ға­ры
-
75
20
80
85
40
15
5
45
кү­ш­ті
12-16
100
100
100
100
100
90
60
40
46
17-24
50
100
80
100
100
80
45
35
47
25-32
25
95
70
95
100
70
35
25
48
33 және одан жо­ға­ры
-
90
60
90
95
60
20
15

3 Орманды қалпына келтіру шығындарына коэфициент

Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
3-қосымша
Орманды қалпына келтіру шығындарына коэфициент
Жой­ы­л­ған жас шы­бық­тар­дың жа­сы, жыл
Қыл­қан жа­пы­рақ­ты (май­қа­ра­ғай­дан бас­қа) және қат­ты­жа­пы­рақ­ты тұқым­да­лыр
Май­қа­ра­ғай
Жұм­сақ
жа­пы­рақ­ты­лар тұқым­ды­лар
1
2
3
4
1-5
0,91
0,91
0,91
6-10
1,00
1,00
1,00
11-20
1,16
1,16
1,16
21-30
1,41
1,41
-
31-40
1,72
1,72
-
41-60
-
2,32
-
61-80
-
3,45
-

4 Ормандардың қорғалу санаты бойынша залалды белгілеу үшін экологиялық маңыздылық коэфициенті

Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
4-қосымша
Ормандардың қорғалу санаты бойынша залалды белгілеу үшін экологиялық маңыздылық коэфициенті
Ор­ман қыз­ме­ті­нің түр­ле­рі
Жол­дар

Ор­ман­дар­дың қор­ға­лу ка­те­го­ри­я­сы
Ко­эфи­ци­ент
1
2
3
4
Су­ды сақ­тау
1
Өзен­дер, көл­дер, су то­ған­да­ры, ка­нал­дар және бас­қа да су
қо­ры ны­сан­да­ры­ның жа­ға­ла­у­ын­да­ғы тиым са­лын­ған ор­ман ал­қа­бы
2,5
Қор­ға­ныш
2
Мем­ле­кет­тік ор­ман ал­қа­бы қор­ға­ны­шы
3,0
3
Эр­ро­зи­я­ға қар­сы ор­ман­дар
3,0
4
Ха­лы­қа­ра­лық және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар жал­пы пай­да­ла­ным­да­ғы те­мір және ав­то жол­дар, ма­ги­страль­дық та­сы­мал құ­быр­ла­ры және бас­қа да ли­ни­я­лық құ­ры­лы­стар­ға бө­лін­ген қор­ға­ныш ор­ман ал­қа­бы
3,0
5
Ха­лы­қа­ра­лық және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар жал­пы пай­да­ла­ным­да­ғы те­мір жо­лы және ав­то­жол­дар бой­ын­да­ғы қор­ға­ныш ор­ман
ал­қа­бы
3,0
6
Ал­қап- және то­пы­рақ қор­ға­ныш ор­ма­ны
2,0
Са­ни­тар­лық-ги­ги­е­на­лық және са­уық­ты­ру
7
Қа­ла­лық ор­ман және ор­ман пар­кі
3,0
8
Ел­ді-ме­кен­дер­дің жа­сыл ай­ма­ғы және ем­деу-са­уық­ты­ру ме­ке­ме­ле­рі
3,0
Ге­не­ти­ка­лық және ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар
9
Био­сфе­ра­лық және қо­рық­тық-се­пор­тер­лік­ті қо­сқан­да, мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­рық­тар ор­ма­ны
5,0
10
Мем­ле­кет­тік ұлт­тық та­би­ғи парк­тер ор­ма­ны
4,0
11
Мем­ле­кет­тік та­би­ғат ре­зер­ві ор­ман­да­ры
4,0
12
Мем­ле­кет­тік та­би­ғат парк­тер ор­ман­да­ры
4,0
13
Мем­ле­кет­тік қо­рық­тық ай­мақ­тар ор­ман­да­ры
5,0
14
Мем­ле­кет­тік ор­ман­ның та­би­ғи ес­керт­кіш­те­рі
5,0
15
Ге­не­ти­ка­лық ор­ман ре­зер­він қо­сқан­да, ғы­лы­ми ма­ңы­зы бар ор­ман учас­ке­ле­рі
4,0
16
Ерекше құн­ды ор­ман ала­бы
3,0
17
Жаң­ғақ кә­сіп­ші­лі­гі ай­ма­ғы
2,0
18
Ор­ман же­міс-жи­де­гі ек­пе­ле­рі
2,0
19
Суб­аль­пі­лік ор­ман­дар
2,0

5 Орман өрті туралы № ____ хаттама

Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
5-қосымша
____________________________________________________________________
(орман иесінің атауы)
Орман өрті туралы № ____ хаттама
Осы хаттаманы 20 __ жылғы «___» _____________________________________
_____________________________________________________________________
(хаттаманы жасаушысының аты-жөні, лауазымы)
_____________________________________________________________________
(хаттаманы толтырған жер)
төмендегілер туралы толтырды:
1. 20 __ жылғы «__» ___________ «__» cағат «__» минутта орман өрті
байқалды_____________________________________________________________
(өрттің қайда байқалғаны – орамда, телімде, кеспеағашта, көрсетілсін
_____________________________________________________________________
жақын орналасқан елді мекеннен, су қоймасынан, жолдан қашықтығы)
2. Өрт байқалды______________________________________________________
(орамдағы өрт бақылау мұнарасынан, патрульдік ұшақтан
_____________________________________________________________________
немесе тікұшақтан және қайсы авиа бөлімнен – көрсетілсін, егер өртті
_____________________________________________________________________
мемлекеттік орман қоры қызметкері немесе мемлекеттік инспектор,
_____________________________________________________________________
уақытша өрт күзетшісі байқаған болса немесе бөтен тұлға байқаған
_____________________________________________________________________
болса – қызметі, аты-жөні, және мекен жайы көрсетілсін)
3. Байқалған сәттегі өрттің ауданы___________________________________
(«Қазавиаорманкүзеті» РМКМ әуе кемесінен
_____________________________________________________________________
жеткізуіне немесе өртті байқаған тұлғаның хабарлауы негізінде
_____________________________________________________________________
өрттің ауданы га көрсетілсін)
4. «Қазавиаорманкүзеті» РМКМ әуе ұшағының жеткізуі (хабарлауы)
«__» _________ 20 __ жылғы «__» сағат «__» минутта алынды____________
(өрт туралы хабарлау немесе
_____________________________________________________________________
жеткізу және ол кімнен алынды, алынған уақыты және күні көрсетілсін)
5. Өрт шыққан жерде табылған_________________________________________
(өрттің шығуына және оның себептерін
_____________________________________________________________________
анықтауға мүмкіндік туғызатын от қалдықтары, ауылшаруашылығы
_____________________________________________________________________
қалдықтары және басқа да табылған белгілер, көрсетілсін)
6. Өрттің шығу себебі________________________________________________
(егер өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған болса,
_____________________________________________________________________
анықталған немесе болжамды себебі, заң бұзушылықтың жасалған уақыты
_____________________________________________________________________
және оған не себеп, ережелер атауы, оларды кім бекітті, қандай
_____________________________________________________________________
тармақ бұзылды – көрсетілсін)
7. Өрттің шығуына кінәлілер:
тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы______________________________
_____________________________________________________________________
тұрғылықты жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
жұмыс, оқу орыны, атқаратын қызметі__________________________________
_____________________________________________________________________
жалақысының мөлшері _________________________________________________
_____________________________________________________________________
отбасылық жағдайы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің саны, асырауындағылар саны)
өрттің шығуына кінәлілердің жеке басын куәландыратын құжаттар________
_____________________________________________________________________
(құжаттар атауы, олардың нөмірлері, кім және қашан берген)
Өрт сөндіру орындарында кінәлілер анықталмаған жағдайда кінәлілерді
айқындау мақсатында тиісті тексеру үшін қажетті деректер көрсетіледі
_____________________________________________________________________
8. Өртті сөндіру басталды «__» ______200_ жылғы «__» сағат «__» минут
9. Өрт жайлаған алаң, га:
Ор­ман өр­ті­нің тү­рі және оның қар­қын­ды­лы­ғы
Ор­та жас­та­ғы, то­лы­сып ке­ле жа­тқан, то­лы­с­қан және қу­ра­ған аға­штар
Ор­ман кө­шет­те­рі
Та­би­ғи өн­ген жас шы­бық­тар
Өт­кен жы­лы жа­нып кет­кен аға­штар
Си­рек және ор­ма­ны жоқ ал­қап­тар
Ор­ман ал­қа­бы­ның бар­лы­ғы
Ор­ма­ны жоқ ал­қап­тар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Тө­мен­гі жү­гір­ме­лі:
әл­сіз
ор­та­ша
кү­ш­ті
Тө­мен­гі тұ­рақ­ты:
әл­сіз
ор­та­ша
Кү­ш­ті
То­пы­рақ­ты (то­пы­рақ­ты – шым­те­зек­ті):
әл­сіз
ор­та­ша
кү­ш­ті
Жо­ғар­ғы:
әл­сіз
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
ор­та­ша
кү­ш­ті
Бар­лы­ғы:
(жерүстімен және аэровизуальды зерттелген нақты деректер жөніндегі
таксациялық материалдар негізінде толтырылады)
10. Өрт жойылды «__» __________ 200_ жылғы «__» сағат « __» минутта
_____________________________________________________________________
(Кімдер көрсетілсін: мемлекеттік орман күзеті жұмыскерлері, өрт
_____________________________________________________________________
сөндіру қызметінің десанттары өрт сөндіру-химиялық стансасының
_____________________________________________________________________
командасы, сөндіруге тартылған тұлғалар)
11. Өрт сөндіруге пайдаланылды:
адам-күн_____________________________________________________________
автомашина-ауысым ___________________________________________________
трактор-ауысым_______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Өрт сөндіруге қолданылған құралдар және тәсілдер ________________
_____________________________________________________________________
(сабалау, құммен көму, өрт сөндіру машиналары, орман
_____________________________________________________________________
өрт сөндіргіш құралдары, моторлынасостар көмегімен су шашу)
13. Өртті қарауылдауға қабылданған шаралар __________________________
_____________________________________________________________________
14. Қарауылдауға жауапты тұлға ______________________________________
( тегі, аты-жөні,
_____________________________________________________________________
лауазымы және жұмыс орыны)
15. Орман өрті келтірген зиян, теңге:
а) түбірінен жойылған сүректер ____ текше метр, сомасы_______________
б) жас шыбықтардың зақымдануы _______________________________________
в) екінші дәрежелі орман ресурстарының зақымдануы____________________
г) орманды жанама пайдалану ресурстарының зақымдануы_________________
д) жанып кеткен және бүлінген құрылыс нысандары, техникалар,
қондырғылар және басқа да материалдық құндылықтардың зақымдануы______
е) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса
алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залал
_____________________________________________________________________
Ұ) орман өрттерін сөндірудің шығыстары_______________________________
ж) ормандарды өсіру жөніндегі шараларды жүргізудің шығындары
_____________________________________________________________________
з) суды сақтау, алқап- және топырақ қорғау, генетикалық,
санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы
функцияларының төмендеуінен келетін залал____________________________
и) залалдар жиынтығы ________________________________________________
16. Орман өртін сөндіруге жетекшілік еткен тұлғаның лауазымы, тегі,
аты-жөні_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
17. Хаттамаға қосымшалар:
а) өрттің схемалық сызбалары;
б) сүректердің түбірінен жойылуының, балауса ағаштардың зақымдануының,
орман пайдаланудың жанама ресурстарының зақымдануының, нысандар мен
ормандағы дайын өнімдердің зақымдануы және жойылуының, орман қорғау
функциялары төмендеуінің, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының,
сондай-ақ, орман өртін сөндіру және өртеңдерді тазалудың шығындары
зиянының көлемін негіздеу және есептеу;
в) өрттің (ауа-райының жағдайы бойынша өрттің қауіптілік класы, желдің
бағыты мен күші, ормангидрологиялық ерекшеліктер мен жергілікті жердің
рельефі) жағдайы және өртті сөндіру барысындағы қолданылған тактикалық
әдістер, техникалық құралдар мен тәсілдер, иеліктегі күш пен
құралдарды өрттің перифериясы бойынша бөлу,қосымша тартылған күш пен
құралдардың саны мен мерзімі және оларды пайдалану туралы орман өртін
сөндіру жетекшісінің баяндау жазбасы.
18. Орман өртінің орын алуына кінәлі тұлғаның түсініктемесі__________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Хаттаманы жасаушының қолы ___________________________________________
Өрттің орын алуына кінәлі тұлғаның қолы _____________________________
Ескертпе ____________________________________________________________
(қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органына жіберілгені
_____________________________________________________________________
туралы хаттың нөмірі мен күні көрсетілсін)
Ескертпе жасаған тұлғаның тегі, аты-жөні және лауазымы ______________
_____________________________________________________________________
Өрттің орын алуына кінәлі тұлға хаттамаға қол қоюдан бас тартқан
жағдайда, хаттамаға бұл туралы жазылады.

6 Қазақстан Республикасының орман қоры аумағындағы орман өрттерін тіркеу журналы*

Орман қорының аумағында өрттен
келтірілген залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
6-қосымша
Қазақстан Республикасының орман қоры аумағындағы орман өрттерін тіркеу журналы*
___________________________________________________
(орман иелерінің атаулары)
осы журналдың парақтары ________________
(жазба түрде) нөмірленген және тігілген
________________________________________
*журнал нөмірленеді, тігіледі, жетекшінің
қолы және орман иесінің мөрімен расталады
Р/н №
Кү­ні және уа­қы­ты
өрт­тің шық­қан ор­ны (орам, те­лім, фи­ли­ал, мем­ле­кет­тік ме­ке­ме)
ор­ман өр­ті ту­ра­лы хат­та­ма­ның № және оның тол­ты­ры­л­ған кү­ні
ор­ман өр­ті­нің тү­рі және қар­қын­ды­лы­ғы
ор­ман өр­ті­нің ба­ста­луы
ор­ман өр­тін сөн­ді­ру­дің ба­ста­луы
ор­ман өр­тін жай­ы­лт­па­у­шы­лық
ор­ман өр­тін жою
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Өрт жай­ла­ған аумақ, га
ор­ман өр­ті­нің шы­ғу се­бе­бі және оған кінә­лі тұл­ға
өрт кім­мен және қан­дай құ­рал­дың кө­ме­гі­мен бай­қал­ды
ор­та жас­та­ғы, то­лы­сып ке­ле жа­тқан, то­лы­с­қан, қу­ра­ған
ба­лау­са аға­штар
ор­ман кө­шет­те­рі
өр­тең­дер
ор­ман өспе­ген аумақ
Бар­лы­ғы
ор­ман емес аумақ
8
9
10
11
12
13
14
15
16
кестенің жалғасы
Өрт сөн­ді­ру­ге пай­да­ла­ныл­ды
Ор­ман өр­ті­нен кел­ген за­лал, мың тең­ге
Іс­ті тап­сы­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
адам-кү­ні
ав­то­ма­ши­на-ауы­сым
трак­тор-ауы­сым
бар­лы­ғы
оның ішін­де ор­ман өр­тін сөн­ді­ру
сот­қа
құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­на
17
18
19
20
21
22
23
кестенің жалғасы
Қыл­мыстық іс қоз­ғау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
қа­ра­лу кү­ні және сот ше­ші­мі
әкім­ші­лік жа­за­ға тар­ту және ай­ып­пұл өн­ді­ріп алу ту­ра­лы мә­лі­мет
та­лап қою және зи­ян­ды өн­ді­ріп алу ту­ра­лы мә­лі­мет
ал­қап­тың өрт­тен кей­ін­гі өзге­рі­сі ту­ра­лы бел­гі
24
25
26
27
28

Қолданыстағы