Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учета и определения ущерба, причиненного незаконными порубками на территории лесного фонда

Қаулы · № 957 · қабылданған 21.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66727/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил учета и определения ущерба, причиненного незаконными порубками на территории лесного фонда Күшін жойған Қаулы ·№ 957 ·21.07.2012
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учета и определения ущерба, причиненного незаконными порубками на территории лесного фонда

Күшін жойған Қаулы ·№ 957 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учета и определения ущерба, причиненного незаконными порубками на территории лесного фонда
Атауы (қаз.)
Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
957
Қабылданған күні
21.07.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI66727_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000957
ЭКБ идентификаторы
66727
Редакция идентификаторы
AI66727_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:46

0 Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 шілдедегі
№ 957 қаулысымен
бекітілген
Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау тәртібін айқындайды.

2

2. Ағаштың заңсыз кесілуі – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу.

3

3. Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен анықтауды орман иеленушілер олар анықталған сәтінен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде жүргізіп, кейіннен залал туралы мәліметтерді орманды шолып, тексеру туралы есепке енгізеді, сондай-ақ мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары өткен тексеру кезеңінде орман шаруашылығының жүргізілуін кешенді бағалау кезінде жүргізеді.

4 4. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залал мыналарды қамтиды:

1 1) өсуін тоқтату дәрежесіне дейін ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері;

2 2) өсуін тоқтату дәрежесіне жетпей ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері;

3 3) дауыл құлатқан, жел сұлатқан, өрт зақымдаған ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері;

4 4) шыбықтар мен өскіндерді, жинақталмаған орман дақылдарын, плантацияларда, сондай-ақ селекциялық-тұқым шаруашылығы және селекциялық-генетикалық мақсаттағы ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері;

5 5) ағаштың заңсыз кесілуінен зақымдалған орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіруге жұмсалған шығыстар.

5

5. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысына (бұдан әрі – базалық ставкалар) сәйкес анықталады.

2 2. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу

6 6. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алуды орман иеленушілер осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу журналын толтыру жолымен жүзеге асырады.

7 7. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу журналында ағаштар мен бұталардың тұқымдары, олардың саны, сүрек көлемі және ағаштың заңсыз кесілуі келтірген зиянның мөлшері бойынша есептелген залал сомасы көрсетіледі.

3 3. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды анықтау

8 8. Ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері ірілік санаттары бойынша белгіленген іскерлік сүрек пен отындық сүректің көлемін базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшеріне көбейту жолымен анықталады.

9 9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсуін тоқтату дәрежесіне дейін ағаштар мен бұталар заңсыз кесілген жағдайда базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері екі есе көбейтіледі.

10 10. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсуін тоқтату дәрежесіне жетпей ағаштар мен бұталар заңсыз кесілген жағдайда базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері өзгеріссіз қолданылады, осы аумақтардан тыс жерлерде – екі есеге кемітіледі.

11 11. Дауыл құлатқан, жел сұлатқан, өрт зақымдаған ағаштар мен бұталар заңсыз кесілген жағдайда базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері қолданылады.

12

12. Шыбықтар мен өскіндерді, жинақталмаған орман дақылдарын, плантацияларда, сондай-ақ селекциялық-тұқым шаруашылығы және селекциялық-генетикалық мақсаттағы ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері олардың санын базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшеріне көбейту жолымен анықталады.

13 Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу журналы*

13. Ағаштың заңсыз кесілуінен зақымдалған орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажет шығындар бойынша анықталады, бұл ретте ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жұмсалған шығыстар сомасынан кесілген, бірақ тасып әкетілмеген, сатылуға жататын орман материалдарының құны шегеріледі.
Орман қоры аумағында ағаштың
заңсыз кесілуінен келтірілген залалды
есепке алу және анықтау қағидасына
қосымша
Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу журналы*
_____________________________________________________________________
(орман иеленушілердің атауы)
осы журналда _______ (жазбаша) парақ
нөмірленді және тігілді
___________________________________________
* журнал нөмірленеді, тігіледі, орман иеленуші
басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады
р/с №
Ор­ман қо­ры ау­ма­ғын­да аға­штың заң­сыз ке­сі­лу­і­нен кел­ті­рі­л­ген за­лал­дың тү­рі
Аға­штар неме­се бұ­та­лар тұқым­да­ры
Аға­штар неме­се бұ­та­лар са­ны, да­на
Сү­рек кө­ле­мі, тек­ше метр
Бір бір­лі­гі үшін зи­ян­ды өтеу мөл­ше­рі тең­ге
Зи­ян­ды өтеу мөл­шер­ле­рі бой­ын­ша есеп­тел­ген за­лал со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы