Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении противогнусовых мероприятий

Өзге акт · № 84 · қабылданған 18.04.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6673/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении противогнусовых мероприятий Күшін жойған 18.04.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении противогнусовых мероприятий

Күшін жойған Өзге акт № 84 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении противогнусовых мероприятий
Атауы (қаз.)
Қан сорғыш насекомдарға қарсы шараларды жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
84
Қабылданған күні
18.04.2000
Көрсетілген редакция
18.04.2000 6673_255770.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00Z0000350
ЭКБ идентификаторы
6673
Редакция идентификаторы
6673_255770
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:31
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қан сорғыш насекомдарға қарсы шараларды жүргізу туралы

📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты адамдарға қауіпті қан сорғыш насекомдардан және тас кенеден қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" 1996 жылғы 2 шілдедегі N 840 қаулысын басшылыққа алып және облыстық эпидемияға қарсы төтенше комиссияның "Безгекке қарсы, қансорғыш насекомдарға қарсы шаралар туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 1 шешімін назарға ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) жергілікті атқарушы органдардың резервінен (ТЖ қоры) безгекке қарсы, қан сорғыш насекомдарға қарсы шараларды жүргізу үшін облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасына (Бирюков) 3,0 млн. теңге қаржы бөлсін.

2. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасы (Бирюков):

- орындаушыларды белгілеу, материалдық ресурстарды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 165 заңын басшылыққа алсын;
- бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін және барлық жұмыстар кешенін жүргізуді ұйымдастырсын.

3. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы К.А. Федотовқа жүктелсін.