Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях, на военных факультетах

Бұйрық · № 253 · қабылданған 18.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66741/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях, на военных факультетах Күшін жойған Бұйрық ·№ 253 ·18.06.2012
20.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях, на военных факультетах

Күшін жойған Бұйрық ·№ 253 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях, на военных факультетах
Атауы (қаз.)
Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
253
Қабылданған күні
18.06.2012
Көрсетілген редакция
20.07.2017 66741_240714.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007774
ЭКБ идентификаторы
66741
Редакция идентификаторы
66741_240714
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:59

0 Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатының мемлекетке өтелуіне есеп жүргізу және мониторингілеу:

1 1) келісімшартты бұзған немесе теріс себептер бойынша босатылған офицерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына;

2 2) оқудан шығарылған курсанттарға қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығына жүктелсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2 2) мемлекеттік тіркегеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.

4 4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.

5 5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2012 жылғы 18 маусымдағы
№ 253 бұйрығымен
бекітілген
Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары

1

1. Осы Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында, жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарында, әскери факультеттерде бір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.

2

2. Әскери оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылған, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметші, егер оны оқудан шығарған сәтте он сегіз жасқа толған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген болса, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкімі бойынша әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін қызмет орнына жіберіледі. Бұл ретте оқу орнынан үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша оқудан шығарылған әскери қызметші мемлекетке оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өтейді.

3

3. Әскери қызметші әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтағаннан кейін әскери қызмет өткеруден бас тартқан немесе теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша әскери қызметтен шығарылуына байланысты келісімшартты бұзған жағдайда ол мемлекетке оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өтеуге міндетті. Ұстауға жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әрбір қызмет өткермеген толық айға барабар есептеледі.

4

4. Осы Қағидалардың 2 немесе 3-тармақтарына сәйкес оқудан шығарылған (босатылған) әскери қызметші есепке қою үшін келген жергілікті әскери басқару органы олардың жеке істерін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар, Әскери білім және ғылым департаменттерін оқудан шығарылған (босатылған) әскери қызметшінің келгені туралы дереу хабардар етеді және оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге шаралар қабылдайды.

5 5. Әскери бөлім белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін офицердің әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтағаннан кейін әскери қызметті өткеруден бас тартқаны, келісімшартты бұзғаны немесе теріс себептер бойынша шығарылғаны туралы хабардар етеді.

6

6. Әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған, өтеуге жататын шығыстарды есептеу үшін әскери оқу орындарының, әскери факультеттердің бастықтары жыл сайын 20 қарашада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін жасайды және оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарында бекітеді. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

7

7. Жақын және алыс шетел әскери оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған, өтеуге жататын шығыстарды есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы жыл сайын 20 қарашада осы мемлекетпен (тиісті министрлікпен немесе ведомствомен) жасасылған келісім (келісімшарт) бойынша төлем жүргізілген валютада осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін жасайды және оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарында бекітеді. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің курсын қайта қаржыландыру бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

8

8. Әскери қызметші әскери оқу орнында (әскери факультетте) оқыған кезеңде әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) бастықтары әрбір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін жасайды, олар оқып жатқан әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігіледі және оқудан шығарылғаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде тиісінше қорғаныс істері жөніндегі департаментке (басқармаға, бөлімге) немесе әскери бөлімге жолданады.

9

9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті жыл сайын әрбір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін жасайды, олар оқып жатқан әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігіледі және оқудан шығарылғаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін бір ай мерзімде тиісінше қорғаныс істері жөніндегі департаментке (басқармаға, бөлімге) немесе әскери бөлімге жолданады.

10 10. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген әскери қызметшілер оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда өтеу бойынша материалдар бір ай мерзімде сотқа беріледі.

11 11. Өтеуге жататын, оқудан шығарылған немесе босатылған әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған шығындар сомасы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде (басқармаларда, бөлімдерде) бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.

12 12. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында (әскери факультеттерде) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударуға жатады.

1 ___________________________________________________________ әскери оқу орнының (әскери факультеттің) атауы _____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

Әскери оқу орындарында, әскери
факультеттерде әскери қызметшілерді
оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын
мемлекетке өтеу қағидаларына
1-қосымша
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
экономика және қаржы
жөніндегі орынбасары
____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___» ______________________
(күні)
___________________________________________________________
әскери оқу орнының (әскери факультеттің) атауы
_____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі
(теңге)
Р/с №
Шы­ғы­стар ата­уы
1-курс
2-курс
3-курс
4-курс
5-курс
1
Оқи­тын әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің сти­пен­ди­я­сы
2
Оқу үде­рі­сін қам­та­ма­сыз ете­тін адам­дар­дың ең­бек ақы­сы және бас­қа да тө­лем­де­рі
3
Са­лық­тар, жиын­дар, бюд­жет­ке мін­дет­ті тө­лем­дер, зей­не­та­қы тө­лем­де­рі, эмис­сия, ақ­ша­лай өте­ма­қы­лар
4
Нақ­ты шы­ғын­дар бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қам­та­ма­сыз ету
5
Нақ­ты шы­ғын­дар бой­ын­ша кең­се және ша­ру­а­шы­лық шы­ғы­ста­ры
6
Жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры­на шы­ғы­стар:
1) ав­то­мо­биль тех­ни­ка­сы
2) бронь­ды танк тех­ни­ка­сы
3) авиа­ци­я­лық тех­ни­ка
4) жү­зу құ­рал­да­ры (ка­тер­лер, ко­рабль­дер және т.б.)
7
Азық-тү­лік­пен қам­та­ма­сыз ету:
1) жал­пы­әс­ке­ри үлес
2) ұш­қы­штар үле­сі
3) тех­ни­ка­лық үлес
4) те­ңіз үле­сі
8
Ки­ім-ке­шек­пен қам­та­ма­сыз ету:
1) жал­пы­әс­ке­ри нор­ма­лар
2) ұш­қы­штар нор­ма­ла­ры
3) тех­ни­ка­лық нор­ма­лар
4) ар­найы нор­ма­лар
5) те­ңіз нор­ма­ла­ры
9
Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­лар бой­ын­ша ком­му­нал­дық шы­ғы­стар:
1) электр энер­ги­я­сы
2) жы­лу
3) суық су
10
Бай­ла­ныс және ин­тер­нет қыз­мет­те­рі
11
Оқ-дә­рі­лер­мен қам­та­ма­сыз ету
12
Порт­ты жал­ға алу
13
Мон­ша-кір жуу шы­ғы­ста­ры
14
По­шта шы­ғы­ста­ры
15
Ғи­ма­рат­тар­ды, құ­ры­лы­стар­ды, әу­е­ай­лақ­тар­ды ұстау мен пай­да­ла­ну­ға, за­лал­сыздан­ды­ру­ға нақ­ты шы­ғын­дар
16
Оқу үде­рі­сін қам­та­ма­сыз ете­тін әс­ке­ри мү­лік­ті ұстау мен пай­да­ла­ну­ға нақ­ты шы­ғын­дар
17
Оқу үде­рі­сін қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық­тар мен тех­ни­ка­ны амор­ти­за­ци­я­лау
18
Бас­қа да шы­ғы­стар
Жиы­ны
Ескертпе: Барлық шығыстар қызмет бастықтарының есеп-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.
Әскери оқу орнының (әскери факультеттің) бастығы
М.О. ___________________________________________
(әскери атағы, қолы)
«___»__________________
(күні)
Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)
________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
«___»__________________
(күні)

2 Жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарында ______/______ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

Әскери оқу орындарында, әскери
факультеттерде әскери қызметшілерді
оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын
мемлекетке өтеу қағидаларына
2-қосымша
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
экономика және қаржы
жөніндегі орынбасары
____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___» ______________________
(күні)
Жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарында ______/______ оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі
(тенге)
Р/с№
Шы­ғы­стар ата­уы
1-курс
2-курс
3-курс
4-курс
5-курс
1
Ке­лі­сім­шар­ттар (шар­ттар) бой­ын­ша тө­ле­не­тін оқы­ту
2
Ке­лі­сім­шар­ттар (шар­ттар) бой­ын­ша тө­ле­не­тін ұстау
3
Жол жү­ру
4
Бас­қа да шы­ғы­стар
Жиы­ны
Ескертпе: Барлық шығыстар келісімшарттар (шарттар) көшірмелерімен, сондай-ақ шетелде кадрларды даярлау үшін жауапты адамдардың есеп-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.
Әскери оқу орнының (әскери факультеттің) бастығы
М.О. ___________________________________________
(әскери атағы, қолы)
«___»__________________
(күні)
Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)
________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
«___»__________________
(күні)

Қолданыстағы