О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 372
- Қабылданған күні
- 05.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2013 AI66756_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NL000194
- ЭКБ идентификаторы
- 66756
- Редакция идентификаторы
- AI66756_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:51
0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес, бюджетті іске асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр балаға тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталсын.
3 3. Тиісті оқу жылы ішінде әлеуметтік көмек төлемі белгіленсін.
4 4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкiмiнің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсiн.
6 6. Қарабалық ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
әкімдіктің "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-82 тіркелген, 2008 жылғы 18 қыркүйекте "Айна" газетінде жарияланған);
әкімдіктің "Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-90 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда "Айна" газетінде жарияланған).