Құжат мәтініне өту

О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам Павлодарской области, направленным на лечение в лечебно-профилактические учреждения и другие учреждения здравоохранения по Республике Казахстан

Өзге акт · № 70/6 · қабылданған 03.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66759/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам Павлодарской области, направленным на лечение в лечебно-профилактические учреждения и другие учреждения здравоохранения по Республике Казахстан Күшін жойған Өзге акт ·№ 70/6 ·03.07.2012
11.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам Павлодарской области, направленным на лечение в лечебно-профилактические учреждения и другие учреждения здравоохранения по Республике Казахстан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 70/6 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам Павлодарской области, направленным на лечение в лечебно-профилактические учреждения и другие учреждения здравоохранения по Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы бойынша емдеу-алдын алу мекемелеріне және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген Павлодар облысының азаматтарына тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70/6
Қабылданған күні
03.07.2012
Көрсетілген редакция
11.10.2013 AI66759_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12P0003211
ЭКБ идентификаторы
66759
Редакция идентификаторы
AI66759_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:52

0 Қазақстан Республикасы бойынша емдеу-алдын алу мекемелеріне және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген Павлодар облысының азаматтарына тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі" Заңының 6-бабына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Бейінді емдеу-алдын алу ұйымдарының мамандандырылған комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болған кезде медициналық көрсетімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында елді мекен шегінен тысқары жерлерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен емделу үшін жіберілген Павлодар облысының азаматтарына және олармен ілесіп жүретін тұлғаларға (бір адамнан кем емес) тегін (жеңілдікпен) екі жаққа жол жүру құқығы жылына бір рет ұсынылсын.

2

2. Бейінді емдеу-алдын алу ұйымдарының мамандандырылған комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болған кезде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жіберілген онкологиялық, урологиялық және туберкулезбен ауыратын науқастарға және олармен ілесіп жүретін тұлғаларға (бір адамнан кем емес) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін (жеңілдікпен) екі жаққа жол жүру құқығы олардың өтініштеріне қарай ұсынылсын.

3

3. Қазақстан Республикасы бойынша елді мекен шегінен тысқары жерлерге емдеуге жіберілетін науқастың және онымен ілесіп жүретін тұлғаның жол жүру ақысының өтеуі "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық медициналық ұйымдарында стационарлық көмек түріндегі мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті, сондай-ақ консультативтік-диагностикалық көмек түріндегі жоғары мамандандырылған медициналық көмекті алуы шартында облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

4 4. Елді мекен аймағынан тыс медициналық көрсетімдер бойынша емдеуге жіберілетін науқастардың жол ақысын өтеу келесі ұсынылған құжаттар негізінде жүргізілсін:

1 1) өтініш;

2 2) жека басы куәлігінің көшірмесі;

3 3) Комиссиямен берілген, белгіленген үлгідегі емдеуге арналған жолдама көшірмесі (хаттама нөмірі және күнін көрсетумен госпиталдау Бюросы порталы арқылы);

4 4) Республикалық клиникамен берілген, сондай-ақ жергілікті мәні бар сырқатнамадан үзінді көшірмесі;

5 5) СТН көшірмесі (салық төлеушінің тіркеу нөмірі);

6 6) ӘЖК көшірмесі (әлеуметтік жеке коды);

7 7) жинақтаушы кітапшасы немесе төлем картасының көшірмесі;

8 8) ДКК анықтамасының көшірмесі (дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы) (бірге алып жүрумен жол ақысы жағдайында);

9 9) туу туралы куәлік көшірмесі (балаға);

10 10) жол жүру фактісін растаушы билеттер.

Науқас пен онымен ілесіп жүретін тұлғаның емдеуге баруға жұмсалған жол ақысы фактісін растайтын құжаттар емдеу орнынан келгеннен кейін екі айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Науқас және онымен ілесіп жүретін тұлғаның жол жүруін растаушы билеттер жоғалған жағдайда емдеу орнына дейін және кері қайту жол ақысын растайтын анықтама ұсынылуы керек.
Басқармаға жоғарыда аталған құжаттарды ұсынған жағдайда жол ақысын өтемеу мүмкін емес. Басқа құжаттар талап етілмейді.

5

5. Медициналық көрсетімдер бойынша емдеуге жіберілген науқастардың және олармен ілесіп жүретін тұлғалардың (бір адамнан аспауы тиіс) елді мекен аймағынан тыс жол жүруі теміржол (ұйықтайтын вагоннан басқа) және қалааралық автокөлікте жол жүруі кезінде жол ақысы (екі жаққа) емдеу орнына дейін билет бағасының құны толық көлемінде өтеледі.

6

6. Медициналық көрсетімдер бойынша емдеуге жіберілетін науқастардың және олармен ілесіп жүретін тұлғалардың (бір адамнан аспауы тиіс) елді мекен аймағынан тыс әуежай көлігімен ұшуы кезінде емдеу орнына дейін теміржол көлігі жедел поездының купелі вагонының билеті бағасынан аспайтын мөлшерде жол ақысының бөлшекті компенсациясы (екі жаққа) емдеу орнына дейін төленеді.

7 7. Басқарма науқастардың және олармен ілесіп жүретін тұлғалардың емдеуге жұмсаған жол шығындарын төлеуді жүргізсін.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

9 9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы