Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 60/5
- Қабылданған күні
- 15.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2012 AI66761_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12P0003213
- ЭКБ идентификаторы
- 66761
- Редакция идентификаторы
- AI66761_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:00
0 Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 3, 4) тармақшаларына, Екібастұз қаласы әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 31 мамырдағы "Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" № 350/32 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы "Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" № 159/6, 2012 жылғы 5 маусымдағы "Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" № 160/6 қаулыларына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Байет ауылдық округінде Атығай ауылы құрылсын;
Бозшакөл ауылы және 112 - разъезд құрылсын;
Төрт-Құдық ауылын орталық ретінде алып, Төрт-Құдық, Бозшакөл, 112 - разъезд ауылдарының елді мекендерімен Төрт–Құдық ауылдық округі құрылсын;
Комсомол ауылдық округі шекаралары өзгертілмей Шиқылдақ ауылы болып қайта құрылсын;
Қарасу ауылдық округі шекаралары өзгертілмей Бесқауға ауылы болып қайта құрылсын.
2 2. Сарықамыс ауылдық округінің Суыққұдық ауылы;
Өленті ауылдық округінің Жартас ауылы;
Ақкөл ауылдық округінің Присовхозный ауылы таратылсын және Павлодар облысының есептік деректерінен шығарылсын.