Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на участке "Наймантай", относящемуся к Дельбегетейскому сельскому округу Жарминского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на участке "Наймантай", относящемуся к Дельбегетейскому сельскому округу Жарминского района
- Атауы (қаз.)
- Жарма ауданының Делбегетей ауылдық округіне қарасты "Наймантай" учаскесіне шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 17.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2012 AI66786_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VJ002612
- ЭКБ идентификаторы
- 66786
- Редакция идентификаторы
- AI66786_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:48
0 Жарма ауданының Делбегетей ауылдық округіне қарасты "Наймантай" учаскесіне шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимiн
белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 02 шілдедегі N 354 ұсынысы негiзiнде Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарма ауданының Делбегетей ауылдық округіне қарасты «Наймантай» учаскесінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағына ветеринариялық режим белгiленсiн.
2
2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Н. Каскырбаев), сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Жарма ауданы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы (Б. Ахмадиева), мүдделі жеке және заңды тұлғалармен орындауға мiндеттi ветеринарлық iс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді:
«Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитеті Жарма аудандық
аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Каскырбаев
2012 жылғы 17 шілде
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігінің мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің
Жарма ауданы бойынша басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы Б. Ахмадиева
2012 жылғы 17 шілде