О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 02.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2013 AI66792_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NK000141
- ЭКБ идентификаторы
- 66792
- Редакция идентификаторы
- AI66792_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:52
0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, бюджетті іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әр балаға тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. "Қамысты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3 3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылының ішінде тағайындалатыны белгіленсін.
4 4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қайыржан Талғатұлы Есімтаевқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қамысты ауданының қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
___________________ С.Ж. Әлпаева
"Қамысты аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің бастығы
____________________ Л.П. Иванченко