Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организации по Ескельдинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организации по Ескельдинскому району
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 04.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2014 AI66812_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DI000140
- ЭКБ идентификаторы
- 66812
- Редакция идентификаторы
- AI66812_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:52
0 Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Ескелді аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Тілеуберген Мұхаметқали Баймұратұлы
04 шілде 2012 жыл
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Смаилов Бауыржан Шакарбекұлы
04 шілде 2012 жыл