Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Павлодаре
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Павлодаре
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1008/21
- Қабылданған күні
- 09.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2016 66816_234233.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PA000190
- ЭКБ идентификаторы
- 66816
- Редакция идентификаторы
- 66816_234233
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:50
0 Павлодар қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмыс орындар жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
2. Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектеріне жұмыс орындар жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектеріне жұмысқа жолдама беру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.