Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Урджарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Урджарского района
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-38/V
- Қабылданған күні
- 09.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2013 AI66821_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VR002617
- ЭКБ идентификаторы
- 66821
- Редакция идентификаторы
- AI66821_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:50
0 Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, тұлғалардың санаттары № 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, қажетті құжаттардың тізімі № 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
4 Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге тұлғалардың санаттары
Үржар аудандық мәслихатының
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-38/V шешіміне № 1 қосымша
Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге тұлғалардың
санаттары
1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлері;
2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
3 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы адамдар;
4 4) жасына байланысты зейнеткерлер, сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер мен жалғыз басты зейнеткерлер;
5 5) мүгедектер, оның ішінде, 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған тұлғалар;
6 6) бірге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендерді қосқанда), кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасылар;
7 7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, I, II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған және бұрын «Батыр ана» атағы берілген көп балалы аналар;
8 8) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, облыс әкімінің гранты бойынша оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
9 9) жан басына шаққандағы орташа табысы ең аз күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
10 10) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтар;
11 11) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар (өрт, топан су, бұршақ, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні).
16 Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті құжаттарының тізімі
Үржар аудандық мәслихатының
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-38/V шешіміне № 2 қосымша
Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті құжаттарының
тізімі