Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому

Қаулы · № А-7/253 · қабылданған 12.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66830/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ А-7/253 ·12.07.2012
12.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ А-7/253 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-7/253
Қабылданған күні
12.07.2012
Көрсетілген редакция
12.07.2012 66830_193095.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BP000156
ЭКБ идентификаторы
66830
Редакция идентификаторы
66830_193095
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:49

0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, қажет құжаттарды тапсырған сәттен бастап, тоқсан сайын 6 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде көрсетілсін.

2

2. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен бөлінген, ақшалай қаражатты уақытында игеруді қамтамасыз ету бойынша іс шаралар қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
«Сандықтау ауданының
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндеттерін атқарушы
Д.Нұрмақова

Қолданыстағы