Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий в селе Кайрат Кайратского сельского округа Уалихановского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий в селе Кайрат Кайратского сельского округа Уалихановского района
- Атауы (қаз.)
- Уәлиханов ауданының Қайрат ауылдық округінің Қайрат ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 12.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2024 66842_729278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SM000163
- ЭКБ идентификаторы
- 66842
- Редакция идентификаторы
- 66842_729278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:49
0 Уәлиханов ауданының Қайрат ауылдық округінің Қайрат ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 94 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Уәлиханов ауданының Қайрат ауылдық округіндегі Қайрат ауылында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығына, «Уәлиханов ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығына жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: