Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района
- Атауы (қаз.)
- Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31
- Қабылданған күні
- 16.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2013 66844_159089.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12TC000177
- ЭКБ идентификаторы
- 66844
- Редакция идентификаторы
- 66844_159089
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:48
0 Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысына сай, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік көмек тағайындауға және төлемге құқығы бар ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары айқындалсын:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
3 3) І, ІІ-топтардағы мүгедектер;
4 4) жалғызбасты мүгедектер;
5 5) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдер;
6 6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
7 7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы зейнеткерлер;
8 8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;
9
9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғалар.
2 2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
14 Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 16 шілдедегі № 31
"Ауданның мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарын айқындау
туралы" шешіміне қосымша
Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі