О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9/69-5c
- Қабылданған күні
- 27.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2014 66845_181412.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UA000165
- ЭКБ идентификаторы
- 66845
- Редакция идентификаторы
- 66845_181412
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:43
0 Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 61/481-4с шешімімен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14-1-153 нөмірімен тiркелген) Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негiзiнде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкалары жоғарылатылсын:
1, 2, 3, 4 аймақтарда, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 пайызға;
5 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 40 пайызға.