Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию страховых (перестраховочных) организаций либо отказа в выдаче указанного разрешения

Қаулы · № 198 · қабылданған 26.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66852/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию страховых (перестраховочных) организаций либо отказа в выдаче указанного разрешения Күшін жойған Қаулы ·№ 198 ·26.06.2012
25.09.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию страховых (перестраховочных) организаций либо отказа в выдаче указанного разрешения

Күшін жойған Қаулы ·№ 198 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию страховых (перестраховочных) организаций либо отказа в выдаче указанного разрешения
Атауы (қаз.)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198
Қабылданған күні
26.06.2012
Көрсетілген редакция
25.09.2019 66852_421454.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007811
ЭКБ идентификаторы
66852
Редакция идентификаторы
66852_421454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:56

0 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 198 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары
Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды.

1

1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ерікті түрде таратуға рұқсатын алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезде – оның орнындағы адам қол қойған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты (бұдан әрi – өтiнiшхат) береді.

2 2. Өтiнiшхат уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

3 3. Өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімі;

2 2) тарату комиссиясының, оның iшiнде филиалдарында не өкiлдiктерiнде құрылатын бөлiмшелерiндегi мүшелiкке кандидаттардың тiзiмi;

3 3) аудиторлық ұйым растаған, сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейінгі күнi жасалған қаржылық есеп;

4 4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттемелерiнің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күнi жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тiзiмi;

5 5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелiн қабылдау-өткiзу актiсi (осындай табыстау бар болса);

6 6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша мiндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттар;

7 7) акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз қызметiн тоқтатуға дайындықтың мерзiмдерi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар (жоспар және кесте) тiзбесi.

4 4. Уәкілетті орган өтінішті барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған құжаттар пакетін қарау нәтижелері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

5 5. Заңның 68-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартылады.

6 6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жазбаша түрде жіберіледі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімде бас тарту негiздерi көрсетіледі.

7 7. Ерікті түрде таратуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды уәкілетті органға бір апталық мерзімде қайтарады.

8

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару өкілеттіктері өтетін тарату комиссиясын құрады.

0 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын ерiктi түрде таратуға
рұқсат беру не көрсетілген
рұқсатты беруден бас тарту
қағидаларына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің
төрағасына
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы
ӨТІНІШХАТ
_____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының
________________________
(өткiзiлетiн орны)
_____ жылғы «____» _______________ № ____ шешіміне сәйкес сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын ___________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық кредиторларының
талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішхатқа қоса берілген
құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға
байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті
органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін,
әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол
болмаған кезде – оның орнындағы адам)
___________________________ ___________
(қолы) мөр

Қолданыстағы