О создании товарищества с ограниченной ответственностью "Центр коммерциализации технологий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании товарищества с ограниченной ответственностью "Центр коммерциализации технологий"
- Атауы (қаз.)
- "Технологияларды коммерцияландыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 989
- Қабылданған күні
- 30.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 66879_592335.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000989
- ЭКБ идентификаторы
- 66879
- Редакция идентификаторы
- 66879_592335
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:42
0 "Технологияларды коммерцияландыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 19 қарашадағы Заңымен ратификацияланған 2008 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (қарыз нөмірі 48840-KZ) Қарыз туралы келісімді (технологияларды коммерцияландыру жобасы) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) құрылсын.
2 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні технологияларды коммерцияландыру жобасын үйлестіру, іске асыру және басқару, ғылыми негіздер мен ғылымның нарықпен байланысын нығайтуды қамтамасыз ету болып айқындалсын.
3
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 170000 (бір жүз жетпіс мың) теңге мөлшерінде жарғылық капитал қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, серіктестіктің жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) серіктестікке қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 989 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-152-жолмен толықтырылсын:
«21-152. «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-11-жолмен толықтырылсын:
«222-33-11. «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС».