Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-07/272
- Қабылданған күні
- 11.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2016 66894_79560.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BG000159
- ЭКБ идентификаторы
- 66894
- Редакция идентификаторы
- 66894_79560
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:49
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін,сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Бұланды ауданы әкімдігінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2011 жылғы 06 мамырдағы № А-5/97 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-7-133 тіркелген, 2011 жылғы 03 маусымда «Бұланды таңы» және «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.