Об установлении в Бурабайском районе квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении в Бурабайском районе квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Бурабай ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- A-7/344
- Қабылданған күні
- 26.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2014 AI66897_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BS000235
- ЭКБ идентификаторы
- 66897
- Редакция идентификаторы
- AI66897_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:56
0 Бурабай ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Бурабай ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2
2. «Бурабай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 8 шілдедегі № А-7/302 қаулысы күшін жойды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-19-202 нөмірмен тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2011 жылғы 28 шілдедегі 60 нөмірінде, аудандық «Бурабай» газетінің 2011 жылғы 28 шілдедегі 32 нөмірінде жарияланған).