О предоставлении социальной помощи специалистам, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах для приобретения топлива
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи специалистам, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах для приобретения топлива
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 16.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2013 66923_159271.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12TC000178
- ЭКБ идентификаторы
- 66923
- Редакция идентификаторы
- 66923_159271
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:48
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын
сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес және аудандық әкімдіктің ұсынысы негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 236 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-3-146 санымен тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 45 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.