Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи специалистам, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах для приобретения топлива

Өзге акт · № 54-V · қабылданған 27.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66926/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи специалистам, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах для приобретения топлива Күшін жойған Өзге акт ·№ 54-V ·27.07.2012
29.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи специалистам, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах для приобретения топлива

Күшін жойған Өзге акт ·№ 54-V · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи специалистам, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах для приобретения топлива
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54-V
Қабылданған күні
27.07.2012
Көрсетілген редакция
29.12.2018 66926_385564.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TD000203
ЭКБ идентификаторы
66926
Редакция идентификаторы
66926_385564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:43

0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес аудандық әкімдіктің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 183-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының мамандарына отын сатып алуы үшін бір жолғы ақшалай төлемдерді тағайындау, қаржыландыру және төлеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-4-159 санымен тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінің 2010 жылғы 27 маусымдағы № 22 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы