Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 4-5 · қабылданған 10.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66933/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-5 ·10.07.2012
18.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-5 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-5
Қабылданған күні
10.07.2012
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2012
Көрсетілген редакция
18.04.2014 AI66933_5.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VN002628
ЭКБ идентификаторы
66933
Редакция идентификаторы
AI66933_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:50

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5, 6, 7, 8, 9 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жеке тұлғалардың санаттарымен мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына айқындалсын:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

3 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;

4 4) жасы бойынша зейнеткерлер, сондай ақ, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

5 5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар;

6 6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;

7 7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

8

8) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

9 9) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;

10 10) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);

11 11) онкологиялық және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;

12 12) өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (өрт, дүлей апат).

2 2. Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мынадай қажетті құжаттар тізбесі айқындалсын:

1 1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

4 4) алынып тасталды - Күршім аудандық мәслихатының 16.07.2013 N 12-6 шешімімен;

5 5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6 6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7 7) қиын (төтенше) жағдай болған кезде әлеуметтік көмек алу мәртебесін растайтын тиісті уәкілетті орган беретін акт немесе құжат;

8 8) қаржылық шығынды немесе болашақ қаржылық шығындарды растайтын құжаттар немесе денсаулық сақтау органдарының және басқа органдардың жолдамасы;

9 9) туберкулезбен ауыратын аурулардың мәртебесі туберкулезге қарсы диспансердің аңықтамасымен расталады.

Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады, салыстырудан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы