Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил хранения записей теле-, радиопрограмм, имеющих историческую или культурную ценность

Бұйрық · № 92 · қабылданған 29.06.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66934/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
Об утверждении Правил хранения записей теле-, радиопрограмм, имеющих историческую или культурную ценность Қолданыста Бұйрық ·№ 92 ·29.06.2012
29.06.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил хранения записей теле-, радиопрограмм, имеющих историческую или культурную ценность

Қолданыста Бұйрық ·№ 92 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил хранения записей теле-, радиопрограмм, имеющих историческую или культурную ценность
Атауы (қаз.)
Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
92
Қабылданған күні
29.06.2012
Көрсетілген редакция
29.06.2012 AI66934_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007819
ЭКБ идентификаторы
66934
Редакция идентификаторы
AI66934_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:53

0 Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидаларын бекіту туралы

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидалары бекітілсін.

2

2. «Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 25 мамырдағы № 138 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3702 тіркелген).

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың орнатылған тәртіпке сәйкес ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 92 бұйрығымен
бекітілген
Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиохабарлар) арқылы жасалған тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың тәртібін анықтайды.

2

2. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле, радиобағдарламалар жазбаларын (бұдан әрі - жазба) қабылдау, сақтау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының мұрағаттық іс және құжаттама саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиоарналар) ұйымының ведомстволық немесе жеке мұрағаты (бұдан әрі - ұйым мұрағаты) құрылады.

3 3. Бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиоарналар) жазуларды Қазақстан Республикасының мұрағаттық іс және құжаттама саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мұрағатта тұрақты сақтауға жібереді.

4

4. Ұйым мұрағатының паспорты жыл сайын жасалады және одан әрі Ұлттық мұрағат қоры және оны толықтыру көздері құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы деректер Жинағына мәліметтерді енгізу үшін үш жылда бір рет тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады. Мәліметтерді Жинаққа енгізу «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

2 2. Жазбаларды сақтау тәртібі

1 1-Параграф. Жазбаларды сақтауға қабылдау тәртібі

5 5. Жазбалар ұйым мұрағатына мынадай:

1 1) осы ұйымның немесе оның құқық мирасқорларының қызметінде пайда болған іс жүргізуі өндірісі аяқталған жазбалар;

2 2) осы ұйымда әзірленген немесе басқа ұйымнан келіп түскен әртүрлі ақпарат тасығыштағы теле-, радиобағдарламалар жазуларының түпнұсқалары және көшірмелері түрінде келіп түседі.

6 6. Жазулар тұрақты сақтауға қоса тіркелетін ілеспе хатпен жіберіледі, оған қоса:

1 1) киноқұжаттар үшін - аннотациялар, монтаждық парақтар, аяқталған туындыға рұқсат беретін куәліктер, техникалық күйінің актілері, жарық және түрлі-түсті паспорттардың жазбалары;

2

2) фоноқұжаттар және бейнеқұжаттар үшін - техникалық күйінің актілері, сөйлеген сөздердің мәтіндері, грампластинка каталогтары, сөз сөйлейтіндердің тізімі, кештердің, концерттердің, рецензиялардың, мақалалардың бағдарламалары, қолданылатын фоноқұжаттарға және бейне құжаттарға тікелей қатысты басқа да құжаттар кіреді;

3 3) мұрағат ісі және құжаттама саласындағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын, құжаттардың құндылық сараптамасының қорытындысы.

7 7. Жазбаларды сақтауға қабылдау кезінде ұйым мұрағатының қызметкері құжаттарды тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның қатысуымен:

1 1) құжаттардың жинақтылығын;

2 2) құжаттардың физикалық сақталуын;

3 3) осы Қағиданың 6-тармақта көзделген талаптарға сәйкес, қоса берілетін мәтіндік ілеспелі құжаттаманың жинақтылығын тексереді.

8 8. Қабылданған теле-, радио хабарлар жазбалары, осы Қағиданың 1-қосымшадағы нысан бойынша журналда есепке алуға жатады.

2 2-Параграф. Жазбалардың істер тізімдемесін жасаудың тәртібі

9 9. Сараптау комиссиясымен тарихи немесе мәдени құндылығы бар деп танылған жазбалар осы Қағиданың 2, 3, және 4-қосымшадағы нысандар бойынша тізімдемеге енгізілуге және де өзге нормативтік құқықтық акттермен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты сақтауға жатады.

10 10. Киноқұжаттар мен бейнеқұжаттар:

1 1) түрлеріне қарай - фильмдер, арнайы шығарылымдар, киножурналдар, жеке кино- және телесюжеттер;

2 2) фильмдердің, арнайы шығарылымдардың, киножурналдардың шығу жылдарына қарай; жеке кино- және телесюжеттердің өндірістік нөмірлері бойынша;

3 3) есепке алу бірліктеріне (толықтыру);

4 4) түсті (түрлі-түсті, ақ-қара);

5 5) үлдірдің форматы (8 миллиметр (бұдан әрі - мм), 16 мм, 35 мм, 70 мм және басқа) бойынша жүйеленеді.

11 11. Үнқұжаттар, ақпаратты дыбыстық жазу түрлерi – фонографиялық, граммофонды, оптикалық, магниттiк, лазерлiк болып жүйеленедi. Белгiлi бiр жазба түрiнiң үнқұжатына жеке тiзiмдеме құрастырылады. Үнқұжаттың iшкi түрлерi сақтау бiрлiктерiне және толықтырулары бойынша орналастырылады.

12 3–Параграф. Құжаттардың сақталуын ұйымдастыру тәртiбi

12. Тұрақты сақталатын жазулардың iстер тiзiмдемесiнiң осы Қағиданың 5-қосымшаға сәйкес титулдық парағы, мазмұны, алғысөзi, қысқартылған сөздер тiзiмi мен қорытынды жазбасы болады.
3–Параграф. Құжаттардың сақталуын ұйымдастыру тәртiбi

13 13. Ұйымның мұрағатындағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн мынадай:

1 1) материалдық-техникалық базаны (құжаттардың сақтау ғимараты және үй-жайлары, құралдары, жабдықтар, құжаттарды көшiрiп алу және зақымданғандарын қалпына келтiру құралдары және басқада жабдықтар) құру мен дамытуды көздейтiн жазулардың сақталуын ұйымдастыру жөнiндегi;

2 2) құжаттарды уақытша сақтаудың нормативтiк шарттары мен параметрлерiн (сақтаудың температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзету режимдерi) құру мен тұрақты сақтау жөнiндегi;

3 3) алдын алу сипатындағы (құжаттардың физикалық-химиялық сақталуын қамтамасыз ету, мұрағат қоймаларынан құжаттардың берiлуiн регламенттеу, құжаттардың бар-жоғын және жай-күйiн тексерудi жүргiзу, аса бағалы құжаттарды табу, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру) шаралар жүзеге асырылады.

14

14. Сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар жүйесi жазулардың сақталуын және ұйымның мұрағатына құжаттар келiп түскен кезде, оларды сақтау және тиiстi мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру кезiнде олардың физикалық жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi. Сақтауды ұйымдастыру және сақтауға тиiстi жағдайлар жасау кезiнде құжаттардың көрiнiстi құрам ерекшелiгiн және олардың материалдық тасығыштарының ерекшелiктерiн ескеру керек.

15 15. Сақталудағы құжаттардың көлемi мен құрамына сәйкес ұйым мұрағатына мұрағат құжаттарын сақтауға арнайы салынған немесе ыңғайластырылған жеке ғимарат немесе әкiмшiлiк ғимараттың бiр бөлiгi берiледi.

16 16. Әкiмшiлiк ғимаратты салу немесе қайта жаңарту кезiнде ұйым мұрағаты үшiн арнайы үй-жайлар көзделуi мүмкiн. Арнайы үй-жай болмаған кезде мұрағат үшiн ұйымның әкiмшiлiк ғимаратында ыңғайластырылған үй-жайлар бөлiнедi.

Әкiмшiлiк ғимараттағы ыңғайластырылған үй-жайларда ұйымның мұрағатын орналастыру олардың жарамдылығын (өртке төзiмдiлiгi, ұзақ мерзiмдiлiгi, конструкциясының берiктiгi, техникалық жағдайы, жылыту және ауа тазарту жүйесiнiң болуы) анықтайтын сараптамадан кейiн ғана жүргiзiледi.

17 17. Ұйым мұрағаты үшiн мынадай ғимараттарды:

1 1) құжаттарды сақтауға арналған мұрағат қоймаларын;

2 2) зерттеушiлердiң жұмыс iстеуiне арналған бөлменi (оқу залын);

3 3) мұрағат қызметкерлерiнiң жұмыс бөлмелерiн;

4 4) алмалы-салмалы электрондық тасымалдауыштардың, серверлiк және коммуникациялық жабдықтардың автоматтандырылған кiтапханасына арналған бөлмелерiн ұсыну көзделедi.

18 18. Қызметкерлер мен зерттеушiлерге арналған жұмыс бөлмелерi және зерттеушiлердiң жұмыс iстеуiне арналған үй-жайлар (оқу залы) мұрағат қоймаларынан жеке орналастырылады.

19 19. Жұмыс бөлмелерiнен қалқалары жоқ мұрағат қоймалары арнайы орнатылған қалқалармен бөлiнедi. Бөгде адамдар мұрағат қоймасына басшының рұқсатымен және ұйым мұрағаты қызметкерiнiң қатысуымен ғана кiргiзiледi.

20 20. Мұрағат қоймалары химиялық заттарды немесе тамақ өнiмдерiн сақтауға немесе қолдануға байланысты зертханалық, өндiрiстiк және қойма үй-жайларынан қашықта орналастырылады.

21 21. Мұрағат қоймалары өрт жағынан қауiпсiз және су басудан кепiлдендiрiлген болуы тиiс. Олардың iшiнде газ, су құбыры, кәрiз және басқа да магистральдық құбыржолдар болмауы тиiс.

22

22. Мұрағат үй-жайларының сыртқы есiктерiне металл парақ қағылады және берiк ысырмалары болады. Жұмыс уақытында мұрағат қоймаларын кiлттеп жабылады. Жұмыстан тыс уақытта мұрағаттың барлық үй-жайларына мөр басылады немесе пломбыланылады. Мөр (пломба) кiлттермен бiрге ұйым бойынша кезекшiге, күзетшiге немесе iшкi ведомстволық қағидаларында белгiленген орынға тапсырылады.
Ұйым мұрағатынан құжаттарды ғимараттан тысқары жерге алып шығу ұйым басшысы белгiлеген тәртiппен ұйымның арнайы рұқсаттамалар бойынша ғана жүзеге асырылады.

23 23. Ұйым мұрағатының үй-жайлары күзет дабылдарымен жабдықталады. Орналасуы сырттан кiруге мүмкiндiк беретiн терезелерге металл торлар орнатылады.

24 24. Мұрағат қоймаларындағы электр өткiзгiш жасырын болуы тиiс, штепсельдiк розеткалар герметикалық қолдануда ғана пайдаланылады. Жалпы және әр қабаттағы ажыратқыштар мұрағат қоймаларының үй-жайларынан тысқары орналастырылады.

25 25. Ұйым мұрағатының өрт сөндiру жүйесi мен құралдарында жазулар үшiн қауiпсiз бейтарап заттар қолданылады.

26 4–Параграф. Iстердi орналастыру және сақтау тәртiбi

26. Мұрағат қоймаларында отты, қыздыру құралдарын қолдануға, сырт киiмдермен, дымқыл және лас аяқ киiммен кiруге, тамақ өнiмдерiн сақтау мен пайдалануға, темекi шегуге жол берілмейді.
4–Параграф. Iстердi орналастыру және сақтау тәртiбi

27

27. Киноқұжаттарда қорғану ракордтары болады. Бастапқы ракордтың ұзындығы 3 м құрайды, ракордтың соңғы ұзындығы - 1,5-2 м құрайды. Бастапқы және соңғы ракордтарға шифрлеу белгiсi қойылады. Сыртқы қабатта киноқұжаттарды фотографиялық өзекшелер рулонға оралған болуы тиiс. Орам бағыты – басынан соңына дейiн. Орам тығыз болуы тиiс, рулон шеттерiндегi iлгерi орам да.

28

28. Магниттiк таспадағы үнқұжаттар жазбалардың дәл көшiрмесiн алу жылдамдығына байланысты түсi әртүрлi ракордтармен ресiмделедi. Бастапқы ракордқа жұмыс жүргiзбейтiн жағынан шифрлеу белгiсi қойылады. Сыртқа құжатты жұмысшы қабатпен өзекшеге оралған болуы тиiс. Сондай рулондағы iлгерi орамдардың биiктiгi 0,05 мм шамасынан артық болуы тиiстi емес. Үнқұжаттардағы орам бағыттары осындай болу керек, дәл көшiрмесiн алуда магнитофондағы жазылған рулон сағаттық тiлiне қарсы айналатын.

29

29. Теле-, радиобағдарламалар жазу құжаттары сақтауындағы әрбiр бiрлiк шығаруға арналған жеке герметикалықсыз орамаға ылғал мен шаңның ену мүмкiншiлiктерiнен, жарық сәулелердiң тиюлерiнен, механикалы зақым келудiң қорғанышынан орнығады. Олардың iшiндегi жазулардың еркiн ауысуларына кедергi болуы тиiстi. Буып-түйiлген материалдардың салғырт болуы химиялық, хлорлы, азотты асырамау, оларға буып-түйетiн материалды құжаттардың зақымдануы немесе био зақымдануы мүмкiн. Буып-түйiлген материалдардың жоғарғы сапалығы жазулардың зақымдануына немесе жабысуына әкелiп соқтырмауы тиiс. Орама алғашқы және екiншi болып бөлiнедi. Алғашқы ораманың қолданылуы тек зиянды газды қоспалардың жоғары концентрация шарттарында ауа тазартуы жоқ болуы және шаң бойынша пайдалы.

30 30. Киноқұжаттар жiңiшке қағаздан немесе полиэтиленнен көп қабатты пакетке, полиэтилентерефталата және металл қорапқа тиiстi буып-түйiлген болуы керек. Пакет мөлшерiн рулон мөлшерiне тиiстi талапқа сай болады.

31 31. Үнқұжаттарда магниттiк таспада полиэтилен қабыршақтан пакетке тиiстi iшiне салынған және - қорапты немесе полиэтилендiк қапқа орналастырылған (контейнер) этикеткаларға арналған ойықтармен болады.

32 32. Бейнефонограмманы тиiстi сақталу арнайы зауыттық берiк полимерлiк материалдан оралады.

33 5–Параграф. Құжаттарды сақтау режимiн қамтамасыз ету тәртiбi

33. Дискiлiк тасығыштағы теле-, радиобағдарламалар жазу құжаттары зауыттық орамаға салынады, ал содан соң қорап ыдысқа орналастырылады.
5–Параграф. Құжаттарды сақтау режимiн қамтамасыз ету тәртiбi

34 34. Ұйым мұрағатында құжаттардың сақтау бүлiнуден сақтауды қамтамасыз ететiн және қоршаған ортаның зиянды ықпалынан қорғау жағдайында жүзеге асырылады.

Жазуларды, iстердi қорғау мына талаптарды орындауды:

1 1) жарық режимiн сақтау;

2 2) температуралық-ылғалдылық режимiн сақтау;

3 3) санитарлық-гигиеналық режимiн сақтау есебiнен қамтамасыз етiледi.

35 35. Ауа тазартқыш жүйелермен жабдықталған мұрағат қоймаларында құжаттарды сақтау үшiн мынадай оңтайлы температуралық-ылғалдық режимдер белгiленедi.

1 1) ақ-қара үлгiдегi құжаттар үшiн - температура + 150 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;

2 2) түрлi түстi үлгiдегi құжаттар үшiн - температура +2 - +50 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;

3 3) магниттiк таспадағы және дисктiк тасмалдауыштағы құжаттар үшiн - температура +8–ден +180 С-ге дейiн, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 45-65 %;

36 36. Климаты реттелмейтiн мұрағат қоймаларында ұйымның ғимаратын ұтымды жылыту, мұрағат қоймаларындағы ауаны желдету және ылғалдандыру (құрғату) негiзiнде климаттық жағдайларды оңтайландыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар жүзеге асырылады.

37

37. Мұрағат қоймаларындағы температуралық-ылғалдылық режимi тиiстi бақылау-өлшеу приборларының көрсеткiштерi негiзiнде ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы параметрлерiн үнемi өлшеп тұру жолымен бақыланады: желдетiлетiн үй-жайларда аптасына екi рет, климаты реттелмейтiн үй-жайларда аптасына үш рет өлшенедi.

38 38. Бақылау-өлшеу аспаптары (термометрлер, психометрлер, гигрометрлер) басты өткелде стеллаждарда жылытқыш және желдеткiш жүйелерден аулақ орналастырылады. Аспаптар көрсеткiштерi тiркеу журналдарына жазылады, журналдың нысанын ұйым анықтайды.

Мұрағат қоймаларындағы температуралық және ылғалдылық көрсеткiштердiң ауытқуына жол берiлмейдi.

39 39. Ұйым мұрағатының барлық үй-жайлары зең, жәндiктер, кемiргiштер пайда болу, шаң жиналу мүмкiндiгiне жол бермейтiн жағдайда күтiп ұсталады.

40 40. Мұрағат қоймаларында санитарлық-биологиялық қауiптi, желдетiлмейтiн аймақтардың пайда болуын болдырмайтын ауа айналымы қамтамасыз етiледi.

41 41. Жылдың жылы уақытында ашылатын терезелер, сондай-ақ мұрағат қоймаларының қабырғаларындағы, төбелердегi, едендерiндегi желдету тесiктерiн және желдету жүйелерiнiң сыртқы тесiктерiн диаметрi 0,5 мм аспайтын торлармен қорғау керек.

42

42. Мұрағат қоймаларында жүйелi түрде дымқыл тазалық жүргiзiп тұру қажет. Жылына кем дегенде бiр рет стеллаждарды, шкафтарды, жазуларды алғашқы қорғау құралдарын шаңсыздандыру қажет. Бұл ретте едендер, терезе алды тақтайлары, стеллаждардың төменгi жақтары формалиннiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен тазаланады.

43 43. Жазулар мен мұрағат қоймаларына жылына екi рет (жылыту мерзiмi басталған және аяқталған кездi) жәндiктер мен өңездi саңырауқұлақтарды уақтылы анықтау үшiн тексеру жүргiзiледi.

Биологиялық зиянкестер табылған жағдайда жедел залалсыздандыру және дәрiлеу шаралары жүргiзiледi.

1 Теле-, радиобағдарламалар жазбаларының келiп түсуiн және шығуын есепке алу журналы

Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
1-қосымша
Нысаны
Теле-, радиобағдарламалар жазбаларының келiп түсуiн және шығуын есепке алу журналы
№№
р/с
Те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар
жа­з­ба­ла­ры­ның
келiп түс­кен
неме­се шық­қан да­та­сы
Те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар
жа­з­ба­ла­рын жi­бер­ген неме­се
жi­берiл­ген
ұй­ым­ның (ұй­ым­ның құ­ры­лым­дық
бөлiм­шенiң),
ата­уы
Те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар
жа­з­ба­ла­ры­ның iле­с­пе
құ­жат­та­ма­ның құ­ра­мы
Келiп түс­кен
(шық­қан) те­ле-,
ра­дио­ха­бар­лар
жа­з­ба­ла­рын
жет­кi­зу­шi ма­те­ри­ал ата­уы
және түрi
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Те­ле-,
ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар
жа­з­ба­ла­ры­ның
келiп тү­суi
Те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар
жа­з­ба­ла­ры­ның шық­қа­ны
Ес­керт­пе
Тұ­рақ­ты
сақ­та­уда­ғы
Тұ­рақ­ты
сақ­та­уда­ғы
Уа­қыт­ша
сақ­та­уда­ғы
Есеп­ке
алу бiр­лi­гiнiң са­ны
Сақ­тау
бiр­лi­гiнiң са­ны
Есеп­ке
алу бiр­лi­гiнiң са­ны
Сақ­тау бiр­лi­гiнiң са­ны
Есеп­ке
алу бiр­лi­гiнiң са­ны
Сақ­тау бiр­лi­гiнiң са­ны
6
7
8
9
10
11
12
___________ жылы барлығы ________________________есепке алу бiрлiгi
(цифрмен және жазбаша)
_________________________ сақтау бiрлiгi келiп түстi,
(цифрмен және жазбаша)
____________есепке алу бiрлiгi ______________ сақтау бiрлiгi шықты.
(цифрмен және жазбаша) (цифрмен және жазбаша)
Қорытынды жылдық жазбаны жасаған Қолтаңбаның
қызметкер лауазымының атауы __________________ толық жазылуы
(өз қолы)
Мұрағат басшысы _______________________________ Қолтаңбаның
(өз қолы) толық жазылуы
Уақыты
Формат А3 (297Х420)

2 Тұрақты сақталатын бейнеқұжаттардың iстер тiзiмдемесi

Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
2-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын бейнеқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiл­ген
Бекi­те­мiн
Жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган­ның
(рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк
мұ­ра­ғат­тың) са­рап­та­ма тек­се­ру
ко­мис­си­я­сы­_____ жы­л­ғы ______ №
___­хат­та­ма­сы­мен
Ұй­ым бас­шы­сы
ла­у­а­зым­ның ата­уы
________ Қо­лы­ның то­лық жа­зы­луы
(же­ке қо­лы)
Күнi
№ ___ Тiзiмдеме
___________________________________________________
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есеп­ке алу бiр­лi­гiнiң нө­мiрi
Сақ­тау бiр­лi­гiнiң нө­мiрi
Ин­декс, өн­дiрiстiк нө­мiр
Құ­жат­тың та­қы­ры­бы
Ав­то­ры
Шы­ғар­ма­ны орын­да­у­шы
Тiлi
1
2
3
4
5
6
7
кестенiң жалғасы
Жа­зу, қай­та жа­зу уа­қы­ты
бей­не­жа­з­ба­ның хро­но­мет­ра­жы
Жа­з­ба­ның түрi мен фор­ма­ты
Сақ­тау бiр­лi­гiнiң са­ны
Iле­спе­лi құ­жат­та­ма мәтiнiнiң құ­ра­мы
Ес­керт­пе
түп­нұс­қа
кө­шiр­ме
8
9
10
11
12
13
14
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен
келiсiлдi
Форматы А4 (210Х297)

3 Тұрақты сақталатын киноқұжаттардың iстер тiзiмдемесi

Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
3-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын киноқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiл­ген
Бекi­те­мiн
Жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган­ның
(рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк
мұ­ра­ғат­тың) са­рап­та­ма тек­се­ру
ко­мис­си­я­сы­______ жы­л­ғы ______ №
___ хат­та­ма­сы­мен
Ұй­ым бас­шы­сы
ла­у­а­зым­ның ата­уы
________ Қо­лы­ның то­лық жа­зы­луы
(же­ке қо­лы)
Күнi
№ ___ Тiзiмдеме
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есеп­ке алу бiр­лi­гiнiң нө­мiрi
Сақ­тау бiр­лi­гiнiң нө­мiрi
Ин­декс, өн­дiрiстiк нө­мiр (ұй­ым­да­ғы есеп­ке алу нө­мiрi)
Құ­жат­тың та­қы­ры­бы
Ав­то­ры
Түсiрiлiм­нiң, дай­ын­дық­тың уа­қы­ты
Ва­ри­ант (үн­сiз, ды­бысты, а/б, түр­лi-тү­стi, фор­ма­ты, тiлi)
Сақ­тау мерзi­мiнiң/ мет­раж­дың са­ны
нега­тив
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенiң жалғасы
Сақ­тау мерзi­мiнiң/мет­раж­дың са­ны
Iле­спе­лi құ­жат­та­ма мәтiнiнiң құ­ра­мы
Ес­керт­пе
Дубль-нега­тив
Фо­но­грам­ма (нега­тив)
Маг­нит­тiк фо­но­грам­ма маг­нит­ная (негiз­гi, бiрiк­тiрiл­ген)
Ара­лық по­зи­тив
По­зи­тив
Бекiтiл­ген ро­лик­тер түр­лi-тү­стi төл­құ­жат­тар
9
10
11
12
13
14
15
16
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен келiсiлдi
Форматы А4 (210Х297)

4 Магниттiк жазбадағы үнқұжаттардың iстер тiзiмдемесi

Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
4-қосымша
Нысаны
Магниттiк жазбадағы үнқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiл­ген
Бекi­те­мiн
Жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган­ның
(рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк
мұ­ра­ғат­тың) са­рап­та­ма тек­се­ру
ко­мис­си­я­сы­______ жы­л­ғы ______
№ ___ хат­та­ма­сы­мен
Ұй­ым бас­шы­сы
ла­у­а­зым­ның ата­уы
________ Қо­лы­ның то­лық жа­зы­луы
(же­ке қо­лы)
Күнi
№ ___ Тiзiмдеме
____________________________________________________
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есеп­ке алу бiр­лi­гiнiң нө­мiрi
Сақ­тау бiр­лi­гiнiң нө­мiрi
Ин­декс, өн­дiрiстiк нө­мiр
Құ­жат­тың та­қы­ры­бы
Ав­то­ры
Шы­ғар­ма­ны орын­да­у­шы
Тiлi
Жа­зу, қай­та жа­зу­дың уа­қы­ты
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенiң жалғасы
Жа­зу, қай­та жа­зу­дың жерi
Жа­зу, қай­та жа­зу­дың уа­қы­ты
бей­не­жа­з­ба­ның хро­но­мет­ра­жы
Жа­з­ба­ның түрi мен фор­ма­ты
Сақ­тау бiр­лi­гiнiң са­ны
Iле­спе­лi құ­жат­та­ма мәтiнiнiң құ­ра­мы
Ес­керт­пе
түп­нұс­қа
кө­шiр­ме
9
10
11
12
13
14
15
16
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен келiсiлдi

5 Тұрақты сақталатын құжаттар тiзiмдемесiнiң титулдық парағы

Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
5-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын құжаттар тiзiмдемесiнiң титулдық парағы
___________________________________________________________________
(мемлекеттiк мұрағаттың атауы)1
____________________________________________________________________
(қордың атауы)
________________________________
(орналасқан жерi)
№ _______________________ қор
_______________________ тiзiмдеме
____________________________________________________________________
(тiзiмдеменiң атауы)
Құжаттың алғашқы және соңғы күнi___________
______________________
1 Мемлекеттiк мұрағат толтырады

Қолданыстағы