Құжат мәтініне өту

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи

Өзге акт · № 5-3/2 · қабылданған 12.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66952/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 5-3/2 ·12.07.2012
27.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5-3/2 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-3/2
Қабылданған күні
12.07.2012
Көрсетілген редакция
27.05.2014 AI66952_6.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VO002620
ЭКБ идентификаторы
66952
Редакция идентификаторы
AI66952_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:49

0 Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5, 6, 7, 8, 9 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнтізбелік жылға белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:

1 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар;

2 2) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);

3 3) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

4 4) әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар: онкологиялық аурулар және туберкулездің әртүрлі түрлері;

5 5) жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлер;

6 6) жетім балалар және жиырма үш жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ата-анасынан кәмелеттік жасқа жетпей айырылғандар;

7 7) оралмандар;

8 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

9 9) көп балалы отбасылар;

10 10) толық емес отбасылар.

2 2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:

1 1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) алынып тасталды - Көкпекті аудандық мәслихатының 10.06.2013 N 14-5/1 шешімімен;

4 4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

5 5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6 6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7 7) тиісті уәкілетті орган беретін төтенше жағдайдың болғанын растайтын акт немесе құжат;

8 8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығынды растайтын құжаттар (шот-калькуляция, шот-фактура, ауырғаны туралы анықтама, түбіртек), немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқада және көшiрмелерi ұсынылады, кейiн құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы