Құжат мәтініне өту

Об утверждении стоимости разовых талонов

Өзге акт · № 6-3-V · қабылданған 13.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66954/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении стоимости разовых талонов Күшін жойған Өзге акт ·№ 6-3-V ·13.07.2012
21.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стоимости разовых талонов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6-3-V · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стоимости разовых талонов
Атауы (қаз.)
Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-3-V
Қабылданған күні
13.07.2012
Көрсетілген редакция
21.12.2012 AI66954_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VH002626
ЭКБ идентификаторы
66954
Редакция идентификаторы
AI66954_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:48

0 Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. 1 қосымшаға сәйкес қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бір жолғы талондардың құны белгіленсін.

2

2. 2 қосымшаға сәйкес базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны белгіленсін.

3

3. «Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 22-7-IV шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 5-8-101 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 (04) санында жарияланған), «Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 17-9-IV шешімнің 6)-тармақшасы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 5-8-87 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 22-23 (6284-6285) санында жарияланған) шығарылсын.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін біржолғы талондардың құны

Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 13 шілдедегі
№ 6-3-V шешіміне
1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін біржолғы талондардың құны
Қызмет түрі
Бір жолғы талондардың құны
(теңге)
Газеттер мен журналдар сату
50
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (көшеттер, шыбықтар) сату
50
Бақша дақылдарын сату
162
Саяжайларда және үй маңындағы телімдерде өсірілген табиғи гүлдерді сату
50
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай телімдерінің өнімдерін сату
33
Жануарлар мен құстардың жемдерін, бал, балық сату
162
Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, саңырауқұлақ сату
50
Үй жануарларын асырау
0.30
Жер телімдерін өңдеу бойынша иеленушілердің жеке тракторларының қызметі
243

6 Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 13 шілдедегі
№ 6-3-V шешіміне
2 қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
Тауар түрі
Сауда алаңы
Бір жолғы талондардың құны
(теңге)
Азық-түліктік
Бір сату орны
162
Өнеркәсіптік
Бір сату орны
162

Қолданыстағы