Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, обучающихся и воспитывающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, обучающихся и воспитывающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-7/263
- Қабылданған күні
- 03.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2016 66960_65174.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BC000186
- ЭКБ идентификаторы
- 66960
- Редакция идентификаторы
- 66960_65174
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:52
0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы, 1-тармағының, 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы, 2-тармағының, 3)-тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақкөл ауданында үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2
2. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № А - 2/80 «Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-3-84 тіркелген, 2008 жылғы 28 наурызында аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.