Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 4-5 · қабылданған 13.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66981/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-5 ·13.07.2012
22.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-5 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-5
Қабылданған күні
13.07.2012
Көрсетілген редакция
22.07.2014 66981_156693.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VP002635
ЭКБ идентификаторы
66981
Редакция идентификаторы
66981_156693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:49

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9 баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 2 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жеке тұлғалардың санаттарымен мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына айқындалсын:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

3 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;

4 4) зейнеттік жасындағылар, сонымен қатар ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

5 5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар;

6 6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;

7 7) «Алтын алқа» «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

8

8) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

9 9) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;

10 10) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);

11 11) онкологиялық аурулар және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;

12 12) өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (өрт, дүлей апат,).

2 2. Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мынадай қажетті құжаттар тізбесі айқындалсын:

1 1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) тұрғылықты жердің тіркеуін дәлелдейтін құжат;

4 4) алынып тасталды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 17.07.2013 N 14-9 шешімімен;

5 5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6 6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7 7) тиісті уәкілетті органмен берілетін, өмірдің қиын (төтенше) жағдайларына душар болғанын растайтын акт немесе құжат;

8 8) қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша басқада құзырлы органдардың жолдамасы;

9 9) туберкулезбен ауыратын аурулардың мәртебесі туберкулезге қарсы диспансердің анықтамасымен расталады.

Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады, салыстырудан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 17.07.2013 N 14-9 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3 3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы