Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность"

Бұйрық · № 72 · қабылданған 18.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66984/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность" Күшін жойған Бұйрық ·№ 72 ·18.07.2012
18.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 72 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность"
Атауы (қаз.)
"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72
Қабылданған күні
18.07.2012
Көрсетілген редакция
18.03.2014 AI66984_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007823
ЭКБ идентификаторы
66984
Редакция идентификаторы
AI66984_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:47

0 "Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 Қаулысымен бекітілген «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.

2 2. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (С.Қ. Оспанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Әкімшілік департаменті (І.Ұ.Рамазанов) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (С.Қ. Оспанов) бұйрық күшіне енгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсына енгізіп, Агенттіктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарын және қарасты мекемелерін ақпараттандырсын.

5

5. Агенттік Төрағасының «Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылдың 2 ақпандағы № 15 (№ 7454 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік Төрағасының орынбасарына (Ғ.Н. Шойкин) жүктелсін.

7 «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

7. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігінің
Төрағасы                                   Қ. Лама Шариф
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 18 шілдедегі
№ 72 бұйрығымен
бекітілген
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ереже

1

1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуден және қайта тіркеуден өткізу» Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 қаулысымен бекiтiлген «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» Мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық органдары демалыс және мереке күндерден басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін аралықта көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.

3 3. Миссионерді тіркеу және қайта тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

4 4. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) уәкілетті орган – діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2 2) уәкілетті органның аумақтық органдары – белгілі бір әкімшіліктік-аумақтық бірлікте діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – аумақтық орган);

3 3) миссионер – миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматы, шетелдік және азаматтығы жоқ тұлға;

4 4) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

5 5) тұтынушы (не сенімхат бойынша өкіл) – миссионерлік қызметін жүзеге асыруы үшін тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

6 6) сараптамалық топ – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық органдарының жанынан құрылған үнемі әрекет етіп, дінтану сараптамасын жүзеге асыратын кеңесші-аналитикалық орган.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында, мекенжайлары мен жұмыс кестелері Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген үлгілері бар аумақтық органдар ғимараттарының ақпараттық стенділерінде орналастырылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі, тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап – күнтізбелік отыз күн.

Тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі, тұтынушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тоқтатыла тұрады. Сараптама объекті аумақтық органдарға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмде сараптама жүргiзiледi. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн;

2 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушы алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 40 минуттан аспайды;

3 3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушы алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

4 4) куәлікті алу кезіндегі күту уақыты – 1 сағаттан аспайды.

7 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8 8. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) сипаттамасы

9 9. Құжаттарды, сондай-ақ діни мазмұндағы материалдар мен заттарды қабылдау Стандарттың 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша аумақтық органның жауапты қызметкер арқылы жүзеге асырылады.

Аумақтық органның тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі құжаттардың, сондай-ақ діни мазмұндағы материалдар мен заттардың өткізілгендігін растау болып табылады.

10 10. Тұтынушы (не сенімхат бойынша өкіл) мемлекеттік қызметті алу үшін аумақтық органға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушыдан өтініш қабылданған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген кезге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды аумақтық органға тапсырады;

2 2) аумақтық орган кеңсесінің қызметкері құжаттардың толымдылығын тексеруді жүзеге асырады, қабылданған құжаттарды тіркейді және басшының қарауына береді;

3 3) аумақтық орган басшысы құжатты қарағаннан кейін оны, жауапты қызметкерге нұсқаумен жібереді;

4 4) жауапты қызметкер қабылданған құжаттарды (діни әдебиеттер, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар) қарап, оларды діни сараптамадан өткізуге жолдайды;

5

5) сараптамалық топ ұсынылған құжаттарға (діни әдебиеттер, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысымен бекiтiлген Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидаларына сәйкес діни сараптама жүргізеді және тиісті сараптамалық қорытынды береді;

6 6) тиісті сараптамалық қорытынды алғаннан кейін аумақтық орган басшысы куәлікті беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды;

7 7) аумақтық орган кеңсесінің қызметкері тұтынушы жеке өзі аумақтық органға келген жағдайда куәлікті беруді жүзеге асырады немесе куәлікті беруден бас тарту туралы негізделген жазбаша жауапты пошта арқылы тұтынушымен көрсетілген мекенжайға жолдайды.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мына құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) аумақтық орган кеңсесінің қызметкері;

2 2) аумақтық орган басшысы;

3 3) аумақтық органның жауапты қызметкері;

4 4) сараптамалық топ.

13 13. Әрбір ҚФБ-ның әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген дәйектілігі мен өзара әрекеттестігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

14 Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы

14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мен ҚФБ-да әкімшіліктік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланыстылығын көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларды тіркеуден және қайта тіркеуден өткізу»
Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ сипаттамасы
Негіз­гі про­це­стің жүр­гі­зі­луі (жұ­мыс ба­ғы­ты, ле­гі)
№ әре­кет (жұ­мыс ба­ғы­ты, ле­гі)
1
2
3
4
5
6
7
ҚФБ ата­уы
Аумақ­тық ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Аумақ­тық ор­ган бас­шы­сы
Аумақ­тық ор­ган­ның жа­у­ап­ты қыз­мет­ке­рі
Са­рап­та­ма­лық топ
Аумақ­тық ор­ган­ның жа­у­ап­ты қыз­мет­ке­рі
Аумақ­тық ор­ган бас­шы­сы
Аумақ­тық ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Әре­кет ата­уы (про­цесс, рә­сім, опе­ра­ция) және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, құ­жат­тар­дың Стан­дарт­тың  11-тар­ма­ғы­насәй­кест­і­гін тек­се­ру. Егер құ­жат­тар көр­се­ті­л­ген та­лап­тар­ға сай бол­са, он­да аумақ­тық ор­ган­ның тір­кеу штам­пы қой­ы­л­ған тұ­ты­ну­шы өті­ні­ші­нің кө­шір­ме­сі бе­рі­ле­ді (шы­ғыс нө­мі­рі, кү­ні)
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны анық­тау
Қа­был­дан­ған құ­жат­тар­ды зерт­теу және олар­ды ді­ни са­рап­та­ма­дан өт­кізу­ге жол­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 7 ақ­пан­да­ғы № 209 ді­ни са­рап­та­ма жүр­гі­зу ере­же­сі ту­ра­лы бе­кі­ті­л­ген қа­улы­сы­на сәй­кес ді­ни са­рап­та­ма жүр­гі­зу
Са­рап­та­ма­лық қо­ры­тынды­ға сәй­кес қа­рас­ты­ру нәти­же­сін дай­ын­дау
Ді­ни са­рап­та­ма­ның са­рап­та­ма­лық қо­ры­тындыс­ы­мен та­ны­су, ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се бе­ру­ден бас тар­ту ше­ші­мін қа­был­дау
Тұ­ты­ну­шы­ға ку­ә­лік­ті бе­ру­ге дай­ын­дау, бе­рі­л­ген ку­ә­лік­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу неме­се ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы негіз­дел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап­ты по­шта ар­қы­лы жол­дау
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім­дер)
Құ­жат­тар­ды қа­был­дап ал­ғанды­ғын рас­тау
Қа­рар жа­зу
Ді­ни са­рап­та­ма жүр­гізу­ге жі­бе­ру ту­ра­лы хат дай­ын­дау, қа­рал­ған қо­ры­тын­ды­ны (ку­ә­лік неме­се ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы негіз­дел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап) дай­ын­дау
Са­рап­та­ма нәти­же­ле­рі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды ұсы­ну
Ку­ә­лік­ті неме­се ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы негіз­дел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап­ты дай­ын­дау
Мис­си­о­нер­ді тір­кеу неме­се қай­та тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ке қол қою не ку­ә­лік бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қа­ғаз­ға тү­сі­рі­л­ген дәлел­ді жа­у­ап
Тұ­ты­ну­шы­ға же­ке өзі аумақ­тық ор­ган­ға кел­ген жағ­дай­да ку­ә­лік­ті бе­ру және бе­рі­л­ген ку­ә­лік­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу неме­се ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы негіз­дел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап­ты по­шта ар­қы­лы жол­дау
Орын­да­лу мер­зі­мі
1 са­ғат
Бір күн ішін­де
Бір күн ішін­де
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 7 ақ­пан­да­ғы № 209 ді­ни са­рап­та­ма жүр­гі­зу ере­же­сі ту­ра­лы бе­кі­ті­л­ген қа­улы­сын­да көр­се­ті­л­ген мер­зім­ге сәй­кес
Бір күн ішін­де
Бір күн ішін­де
Бір күн ішін­де
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
1-топ
ҚФБ
Аумақ­тық ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
2-топ
ҚФБ
Аумақ­тық ор­ган бас­шы­сы
3-топ
ҚФБ
Аумақ­тық ор­ган­ның жа­у­ап­ты қыз­мет­ке­рі
4-топ
ҚФБ
Са­рап­та­ма­лық топ
№ 1 әре­кет
Тұ­ты­ну­шы­дан құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу, құ­жат­тар­ды аумақ­тық ор­ган бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру.
№ 2 әре­кет
Орын­дау үшін жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­ге бел­гі­леу, қа­рар жа­зу.
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рау және олар­ды ді­ни са­рап­та­ма­ға жол­дау.
№ 4 әре­кет
Ді­ни са­рап­та­ма жүр­гі­зу.
Са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды бе­ру.
№ 5 әре­кет
Ку­ә­лік­ті дай­ын­дау.
№ 6 әре­кет
Ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы ше­шім­ді қа­рау.
Ку­ә­лік­ке қол қою.
№ 7 әре­кет
Тұ­ты­ну­шы­ға ку­ә­лік­ті бе­ру.
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс.
1-топ
ҚФБ
Аумақ­тық ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
2-топ
ҚФБ
Аумақ­тық ор­ган бас­шы­сы
3-топ
ҚФБ
Аумақ­тық ор­ган­ның жа­у­ап­ты қыз­мет­ке­рі
4-топ
ҚФБ
Са­рап­та­ма­лық топ
№ 1 әре­кет
Тұ­ты­ну­шы­дан құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу, құ­жат­тар­ды аумақ­тық ор­ган бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру.
№ 2 әре­кет
Орын­дау үшін жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­ді бел­гі­леу, қа­рар жа­зу.
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рау және олар­ды ді­ни са­рап­та­ма­ға жол­дау.
№ 4 әре­кет
Ді­ни са­рап­та­ма жүр­гі­зу.
Са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды бе­ру.
№ 5 әре­кет
Ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы негіз­дел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап­ты дай­ын­дау.
№ 6 әре­кет
Ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау.
Ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы негіз­дел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап­қа қол қою.
№ 7 әре­кет
Ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы негіз­дел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап­ты тұ­ты­ну­шы­ның ме­кен­жай­ы­на поч­та ар­қы­лы жол­дау.
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларды тіркеуден және қайта тіркеуден өткізу»
Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Тұтынушының Дін істері жөніндегі аумақтық департаментіне өтініш жасаған кезде өзара әрекеттесіп жұмыс істеу схемасы

Қолданыстағы