Құжат мәтініне өту

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района

Қаулы · № 54-V · қабылданған 18.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67008/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района Күшін жойған Қаулы ·№ 54-V ·18.07.2012
04.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района

Күшін жойған Қаулы ·№ 54-V · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района
Атауы (қаз.)
Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54-V
Қабылданған күні
18.07.2012
Көрсетілген редакция
04.02.2013 67008_162024.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TG000150
ЭКБ идентификаторы
67008
Редакция идентификаторы
67008_162024
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:47

0 Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік көмек тағайындауға және төлемге құқығы бар ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары айқындалсын:

1 1) жалғыз басты мүгедектер;

2 2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

3 3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;

4 4) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;

5

5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғалар;

6 6) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан астам ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;

7 7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғалар.

2 2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау, бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 Аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 18 шілдедегі
№ 54 шешіміне қосымша
Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі

1 1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;

2 2) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3 3) алушының салық төлеуші куәлігі көшірмесі;

4 4) алушының әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігі көшірмесі;

5 5) алушының аудандық пошта байланыс бөлімшесінен ашылған жеке есеп-шотын растайтын кітапшасының көшірмесі;

6 6) алушының отбасы құрамы және тұрғылықты жері туралы анықтама;

7 7) ауылдық, селолық әкімі жанындағы учаскелік комиссиямен ұсынылған отбасының әлеуметтік, материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;

8 8) осы шешімнің 1-тармағында айқындалған жеке тұлғалардың санатын анықтайтын құжат.

Қолданыстағы