Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-2/2
- Қабылданған күні
- 25.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2013 AI67009_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VK002636
- ЭКБ идентификаторы
- 67009
- Редакция идентификаторы
- AI67009_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:45
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңының 5, 6, 7, 8, 9 баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 2 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;
3 3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері;
4 4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
5 5) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
6 6) жасына байланысты зейнетақы алатындар, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
7 7) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар;
8 8) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
9 9) «Алтын алқа» «Күміс алқа» алқаларымен, I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар;
10
10) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
11 11) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
12 12) жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
13 13) онкологиялық аурулар және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
14 14) өмірдің қиын жағдайына (өрт, дүлей апат) ұшыраған азаматтар.
2 2. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі айқындалсын:
1 1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;
2 2) жеке басын куәландыратын құжат;
3 3) тұрғылықты жерін растайтын құжат;
4 4) алынып тасталды - Зайсан аудандық мәслихатының 14.06.2013 N 14-1 шешімімен;
5 5) отбасының табысы туралы мәліметтер;
6 6) өмірде қиын (төтенше) жағдай болған кезді растайтын тиісті уәкілетті орган берген акт;
7 7) оқуға нақты қаржылық шығындарды растайтын құзырлы органдар берген құжаттар.
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.