Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на территории города Аксу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на территории города Аксу
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38/7
- Қабылданған күні
- 23.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2017 67043_237364.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PB000205
- ЭКБ идентификаторы
- 67043
- Редакция идентификаторы
- 67043_237364
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:46
0 Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына және 10-4-бабының 1 тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2
2. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет көрсетулерін тұтынушыға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің Қағидасын бекіту туралы" № 114/15 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-2-111 тіркелген, 2009 жылғы 13 мамырда "Ақжол – Новый путь" газетінің № 33 жарияланған).
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Ақсу қалалық мәслихатының
(V сайланған VII сессиясы)
2012 жылғы 23 шілдедегі
№ 38/7 шешімімен
бекітілді
Ақсу қаласы аймағында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2 2) отбасының жиынтық табысы -тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерінiң жалпы сомасы;
3
3) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
4 4) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – уәкілетті орган);
5
5) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
6 6) өтініш беруші- өз атынан немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға жүгінген жеке тұлға.
2 2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақсу қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1 1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2 2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3 3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3 3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 пайыз көлемінде белгіленеді.
4
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" № 471 бұйрығымен анықталады.
2 2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және нормативін анықтау
5 5. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда тұрғын үйдің меншік иесінің жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы құрамы азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай анықтамасы бойынша анықталады.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі көрсетілген кезде келесі нормативтік алаңы есепке алынады:
жалғыз тұратын азаматтарға - 33 шаршы метр (тұрғын үйдің жалпы алаңы), бірақ бір бөлмелі пәтердің ауданынан кем емес;
құрамында екі адамы бар отбасына - 40 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес;
құрамында үш және одан да көп адамы бар отбасыларға - әр адамға 18 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес.
6 6. Келесі электр энергиясын пайдалану мөлшері белгіленеді: 1 адамға – 110 кВт, 3 адамнан артық тұрғанда - отбасына 330 кВттан артық болмауы тиіс.
7 7. Алынып тасталды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 27.03.2014 № 202/29 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
8 8. Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін тоқсанына тұрғын үй көмегінің ең төмен мөлшері 1 айлық есептік көрсеткіштен төмен болмайды.
3 3. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
9 9. Меншігінде тұрғын үйінің бір бірлігі бар отбасылар немесе жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
10
10. Құрамында оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту уәкілетті органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, 18 жастан асқан еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, тұлғалар бар отбасыларына тұрғын үй көмегі берілмейді, мүгедектерді, 80 жасқа толған адамдарды, 3 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды, ер адамдар - 61 жастан, әйелдер - 56 жастан асқан жұмыс істемейтін тұлғаларды, жұмыс істемейтін жүкті әйелдерді (ауруханадан анықтама тапсыру бойынша), жұмыс істемейтін 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерді, сонымен қатар, стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын немесе амбулаторлық емделуде туберкулез немесе онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарды қоспағанда.